cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

IFC мен KMF ауылдағы кәсіпкерлерге көмектесіп, әйелдер бизнесін қолдайды Алматы, Қазақстан

IFC мен KMF ауылдағы кәсіпкерлерге көмектесіп, әйелдер бизнесін қолдайды Алматы, Қазақстан
Жаңалықтар
IFC мен KMF ауылдағы кәсіпкерлерге көмектесіп, әйелдер бизнесін қолдайды Алматы, Қазақстан, 10 ақпан 2023 ж.  – Дүниежүзілік банк тобының мүшесі IFC Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы KMF-ке теңгемен 20 миллион доллар береді. Қаржыландыру ауыл кәсіпкерлеріне, әйелдерге тиесілі кәсіпорындарға және Covid-19 пандемиясының салдарынан әлі де оңалмаған бизнеске бағытталады.
KMF компаниясы 250 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетеді. Ауылдық жердегі кәсіпкерлердің үлесі 60 пайыздан асады, олардың көпшілігі - әйелдер.

«Бөлімшелеріміздің жартысынан көбі ауылдар мен шалғай аудандарда орналасқан. IFC қаржыландыру бағдарламасына қатысу осы елдімекендердегі кәсіпкерлерді бұрынғыдан да көп көлемде қолжетімді микрокредиттеумен қамтуға мүмкіндік береді. Қазіргі экономикалық ахуал тұрғысынан алып қарағанда бұл ынтымақтастық дер кезінде жасалып отыр. Кәсіпкерлер қаржыны жұмыс істеп тұрған кәсібінің ауқымын кеңейтуге, жаңғыртуға және жұмыс орындарын ашуға бағыттай алады. Осының барлығы бірлесе өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді», - деді KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

IFC мен KMF 2014 жылдан бері ынтымақтастықта. Осы кезеңде IFC KMF-ке жалпы сомасы 237 миллион доллар қаражат бөлді. Бұл инвестициялар әйелдер бизнесіне және ауылдардағы шағын кәсіпорындарды қолдауға баса назар аудара отырып, Қазақстандағы микро, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталды.

"Осы қиын экономикалық кезеңде шағын бизнесті қолдау экономикалық тұрақты өсуді қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Экономиканың дамуына қосқан үлестеріне қарамастан, олардың көпшілігі қаржыландыруға қол жеткізуге келгенде әлі де қиындықтарға тап болуда. Біздің ынтымақтастығымыз бұл мәселені шешуге көмектеседі, сонымен қатар аймақтағы IFC стратегиясының негізгі бөлігі болып табылатын гендерлік интеграцияға ықпал етеді», - деді IFC-дің Таяу Шығыстағы, Ауғанстандағы, Пәкістандағы, Орталық Азия және Түркиядағы қаржы институттары бойынша портфель менеджері Ален Нунке.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы
Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
19.05.2023
ЕҚҚДБ мен KMF әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыруға $35 млн бөледі
Еуропа қайта құру және даму банкі KMF-ке 35 млн доллар бөледі, компания оны әйелдер кәсіпкерлігін микроқаржыландыруға және "жасыл" экономика...
Толығырақ
news
Ұтыс ойындары
02.05.2023
KMF Алматы облысының тұрғынына автокөлік сыйлады
Аршидин Тұрғанов KMF компаниясының "KMF-Qurmet" ниеттестік бағдарламасының қатысушылары арасында тұңғыш рет өткен ұтыс ойынында жеңіске жетк...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
30.03.2023
«Сұрақ-жауап»: жеке тұлғалардың банкроттығы жөнінде нені білу маңызды
Банкроттық рәсімдері шеңберінде кредитормен өз інің қарыздары бойынша берешекті қалай ша реттеу жөнінде , Fingramota.kz -ке « Қазақстан қаржыгерлерінің...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
29.03.2023
KMF - ЕҚҚДБ-ның микробизнесті және ШОБ-ты қаржыландыру бойынша үздік қаржылық серіктесі
Алматыда 27 наурыз күні Қазақстанда GEFF II Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын іске қосуға арналған іс-шара өтті, оған бизнес өкілдері, қарж...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
20.02.2023
KMF Colvir IT-платформасына көшеді

Бүгін KMF пен Colvir Software Solutions компаниясы бірлескен жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Colvir IT-платформасы KMF-ке жаңа өнімдерді...

Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.01.2023
The Eurasian KMF туралы

«Микроқаржыландыру – бұл ең алдымен, әлеуметтік бағыттағы бизнес»

Толығырақ
news
Жаңалықтар
26.12.2022
KMF-ProMotor. Бизнеске арналған арнайы техника бұрынғыдан да қолжетімді
Енді алматылық кәсіпкерлер арнайы техниканы тартымды шарттармен сатып ала алады. 
Толығырақ
news
Жаңалықтар
25.11.2022
GEFF «Жасыл» қаржыландыруы. KMF клиенттері энергия үнемдейтін жабдықты, көліктерді сатып алып, кэшбэк ала алады
Бағдарлама бойынша өтемақы төлеу мерзімі 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
21.11.2022
KMF-тің "Айхай 25!" науқаны аяқталды

18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл...

Толығырақ