Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

15 Маусым 2016 Биылғы жылы KMF филиалдары бүкіл Қазақстан бойынша бір жарым мыңға жуық баланы Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Бірінші маусым күні елімізде аса жарқын мейрамдардың бірі – Балаларды қорғау күні дәстүрлі түрде аталып өтеді. Барлық ата-ана осы күні балаларын сыйлықтармен қуантып, оларға барынша көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін аянып қалмайды. KMF компаниясы да әлеуметтік бағыттағы жобаларды қолдаушы ретінде жыл сайын ата-ана қамқорлығынан айырылған, сырқаттарына байланысты осы мейрамды ауруханада қарсы алуға мәжбүр болатын балғындарға қайырымдылық көмек көрсетіп, көңілдерін шаттыққа бөлуге тырысады.

Компанияның барлық филиалдары осы жылы да игі іс атқарып, еліміздің кішкентай азаматтарының көңілдерін жадыратып, естен кетпес қуанышқа бөледі. Үш бағыт бойынша 29 әр алуан қайырымдылық шарасы өткізілді. Бірінші әрі ең негізгі бағыт – Балалар үйіндегі, Мүгедек балаларды сауықтыру және бейімдеу орталықтарындағы, Балалар қорларындағы, мектеп-интернаттардағы бүлдіршіндерге қайырымдылық көмек көрсету. Компания осы мекемелерге тұрмыстық техника, жиһаз, оқыту материалдарын тарту етсе, ал балаларға арнап әр алуан мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды. Қайырымдылық акциясында Қазақстан бойынша 14 мекеме қамтылды. Екінші бағыт – аз қамтылған отбасылардағы балаларды төл мерекелерімен құттықтау, қажетті киім-кешектермен қамтамасыз ету, азық-түлік кәрзеңкесін үлестіру. Компания ұжымы биылғы жылы 12 отбасына жақсы көңіл-күй сыйлап, олардың көп армандарының бірін орындауға тырысты. Үш қалада ойын-сауық бағдарламаларын, спорттық және шығармашылық байқауларды қамтыған жалпықалалық іс-шаралар өткізілді, балаларға арнап дастархан жайылып, тәттілер тарту етілді. Компания жалпы алғанда Балаларды қорғау күніне 2 500 000 теңгеден астам қаражат жұмсады.

Компания тарапынан көрсетілетін көмектен басқа, KMF-те Мейірімділік акциясын өткізу игі дәстүрге айналды, яғни қызметкерлер өз қаражаттары есебінен мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетеді. Көптеген филиалдардың қызметкерлері мерекелік іс-шара ұйымдастырып, дастархан жайып, азық-түлік кәрзеңкелерін тарту етті.

Дегенмен Балаларды қорғау күні балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, балалардың балалық шақтарын бақытты өткізіп, білім алып, сүйікті істерімен айналысып, болашақта үлкен азаматтар болып қалыптасуы үшін қоғамға балалардың құқықтарын қорғау қажеттілігі туралы ескертетін күн. KMF болашақта да әлеуметтік жауапкершілік қызмет аясында қайырымдылық шаралардың санын арттырып, шағын қалаларды да барынша қамтуға тырысатын болады.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success