• KMF
  • Новости
  • VII АЙМАҚТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ «ӘЙЕЛ ЖӘНЕ БИЗНЕС»

VII АЙМАҚТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ «ӘЙЕЛ ЖӘНЕ БИЗНЕС»

03.12.2013

Құрметті журналистер, қоғам өкілдері!

Сіздерді 2013 жылғы 06 желтоқсанда Шымкент қ-да жыл сайынғы «Әйел және бизнес» аймақтық конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференцияның осы жылғы тақырыбы: «Әлеуметтік әріптестік»

Басталуы: 10:00-де

«Әйел және бизнес» конференциясы Шымкентте жыл сайын өткізіліп тұрады және жетінші рет 100-ден астам қатысушыларын жинайтын болады, олардың қатарында кәсіпкер әйелдер, шағын қаржыландыру саласындағы сарапшылар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қаржы институттарының, ҚР іскерлік қауымдастықтарының және кәсіпкерлікке қолдау көрсету жөніндегі құрылымдардың өкілдері бар.

Конференцияның бағдарламасында:

  • Бизнес пен қоғамның әлеуметтік әріптестігі: өзара әрекет етудің өзекті мәселелері
  • Жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін дамыту
  • "Қаржы сауаттылығын арттыру" жобасының тұсаукесері
  • Қор жинаудың философиясы: практикалық тәжірибе
  • Шеберлік-сыныбы: "Егер мен қаласам, бұны істей аламын"

Конференцияның мақсаты:

Халықтың қаржы сауаттылығының мәселесін көтеру және талқылау, конференцияның қатысушыларына бизнес пен қоғамның нақтылы өзара әрекет етуінің өзекті тақырыптары мен сәттерін талқылауға, бизнесті жүргізудің практикалық білімін алуына, іскерлік байланыстарды орнатуға және дамытуына мүмкіндік беру.

Ұйымдастырушылар:

  • «KazMicroFinance» МКҰ ЖШС
  • Қазақстанның Іскер Әйелдерінің Қауымдастығы
  • Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы
  • ОҚО Әкімінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия

Шақырылған төрағалар:

  • Қаныбеков Сәкен Әсембекұлы – ОҚО әкімінің орынбасары
  • Яна Исакова - корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі халықаралық сарапшы (Отбасылық Бизнес Қауымдастығы)
  • Рауза Ибрагимова - Басқарма Төрағасының кеңесшісі ("KMF" МКҰ)
  • Светлана Баева – Қазақстанның Іскер Әйелдерінің Қауымдастығының ОҚО өкілі

Конференцияның өткізілетін орны және уақыты:

Шымкент қ., Қонаев бульвары, н/ж ("Алтын Орда" бизнес-орталығы),

*БАҚ өкілдері еркін кіре алады. Алдын ала тіркеуден өту қажет.

Қосымша ақпаратты алу үшін хабарласыңыз:

«KazMicroFinance» МКҰ ЖШС
Жетекші PR маманы
Евгения Пигуль
Тел.: 8 777 356 9995
E-mail: evgenia.pigul@kmf.kz

«KazMicroFinance» МКҰ ЖШС
Шымкент қ-ғы директоры
Күлсара Сапарбекова
Тел.: 8 (7252) 53-52-99
E-mail: kulsara.saparbekova@kmf.kz


Тарихтан аздаған мәлімет:

2006 жылы «KazMicroFinance» микрокредиттік ұйымы ОҚО кәсіпкер әйелдері үшін Конференцияны өткізуге бастама көтерді, ол дәстүрлі түрде өтіп отыратын болды және ҚР-да әйел адамның алатын орнын айқындай отырып, облыстағы кәсіпкерлікті дамытуға игі әсер етті.

«Әйел және бизнес» конференциясы Қазақстандағы әйелдердің бизнесін дамыту жолымен ең батыл идеяларды жүзеге асыруға көмектеседі. Осы арқылы, бұл Конференция, мемлекетіміздің басшысы Н.Ә. Назарбаевтың отбасыны, балаларды тәрбиелеу, кәсіпкерлік қызмет, ШОБ дамыту жөнінде алдыға қойған әлеуметтік міндеттерін шешуге үлес қосады.

Алғашқы конференцияны өткізген сәттен бері, бұл шара қатысушылар үшін бизнестегі тәжірибелерін алмасудың, пайдалы ақпаратты алудың, үйрену және қарым-қатынас жасаудың алаңына айналды. Бүгінде конференция өз алаңына 100-дан астам адамды жинайды.

Артқа қайту