• KMF
  • Новости
  • Шағын және орта бизнеске арналған «МСБ» өнімі: KMF-тің үздік шешімі

Шағын және орта бизнеске арналған «МСБ» өнімі: KMF-тің үздік шешімі

29.06.2016

Әр кәсіпкер үшін қаржыландыру көзінің қолжетімді болғаны аса маңызды. Бизнесмендер кредит алу шарттарының ыңғайлы болғанын, кепілді қабылдау барысына икемділік танытқанын және кепіл ретінде түрлі мүлік түрлерін және тауар қою мүмкіндігін қалайтыны жасырын емес. KMF-тің түрлі деңгейдегі кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу тәжірибесі бар: Жеке кәсіпкерлерден бастап Жеке шағын серіктестерге дейін. Осыны ескере келе, компания мамандары «МСБ өнімін» қолданысқа енгізді.

2015 жылдан бері Шағын және орта бизнеске арналған өнімді 300 жуық кәсіпкер пайдаланып үлгерді, берілген кредиттің жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден астам, аталмыш соманың жартысына жуығы 2016 жылы берілген кредиттер.

Шағын және орта бизнеске арналған кредиттік өнімді бизнестің кез келген өкілінің алуға мүмкіндігі бар. Кредитті бизнестің ерекшелігін ескеретін кәсіпкерге ыңғайлы түрде алуға болады.

  1. Кредиттік желі түрінде - 60 айға дейінгі мерзімге, айналым қаражаттары, инвестициялар мен басқа да мақсаттарға. Кредиттің мақсаты мен бизнестің түріне қарай жеңілдік кезең берілетін өтеудің ыңғайлы түрі бойынша өтеу мүмкіндігі.
  2. Қайта қаржыландыру түрінде - 60 айға дейінгі мерзімде. Әдетте кәсіпкердің қаржы мекемесінде кредиті болатыны анық, сөйте тұра қосымша қаражатты алғысы келеді. Бұндай жағдайда кәсіпкер KMF-тің осы өніміне өтінім беруіне болады. Қайта қаржыландыру арқылы басқа қаржы мекемесіндегі қарызды толық өтеп, үстінен қосымша қаржы алу мүмкіндігі бар.
    Қаржы алудың түріне қарамастан, МСБ өнімі бірнеше маңызды артықшылыққа ие. Кредитті алу барысында кез келген комиссиялар жоқ. Барлық соманы бизнесмен қолына алады. Сондай-ақ, кепілге алынатын мүлікке тегін бағалау жүргізу, талап етілетін құжаттарға қойылатын талап икемдігі секілді артықшылықтар ескерілген.

Осы артықшылықтардың жиынтығында МСБ қысқа мерзімде қажетті өтімділікке ие болу құралы ретінде жүреді. Түрлі тауарлардың саудасы секілді бизнестің жекелеген саласы үшін кредиттің бұл түрі таптырмас мүмкіндік болып табылады, нәтижесінде жаңа сауда орындарын ашуға, тауар түрлерін көбейтуге немесе сауда орнын кеңейтуге жол ашады.

МСБ кредиттік өнімі бойынша қаржы алу мүмкіндігі туралы толығырақ тұрғылықты жеріңізде орналасқан KMF филиалынан немесе 7474 Call-орталығынан (ұялы телефоннан тегін) біле аласыз.

Артқа қайту