Қариялар күні
Біз ерекше құрметке ие мереке - 1 қазан Халықаралық қариялар күнін атап өтеміз.
«Халықаралық қариялар мерекесі» 1990 жылдың 14 желтоқсанында бекітілген болатын. Оның құрылуына Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бастамашы болды. Содан бергі уақытта бүкіл әлем бойынша жыл сайын осы мейірімге толы мереке аталып өтіледі. Одан бұрын 1982 жылы Қартаю проблемасы бойынша Халықаралық Веналық жоспар қабылданған болатын. Ал 1991 жылы БҰҰ қарт адамдарға қатысты қағидалары қабылданды.
Аталмыш күннің мақсаты қарияларымызға, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедек қарияларға қоғамның назарын аудару, сондай-ақ оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де көмек түрлерін көрсету. Халықаралық қариялар күні шеңберінде тегін концерттер, қайырымдылық қойылымдар мен түрлі шаралар өткізіледі. Ал, Бас кеңсе тарапынан болса, өзіміздің қамқорлығымызға алынған әжелерімізге барып, құттықтап, қажетті заттарын түгендеп бердік.
Өздеріңіздің ата-әжелеріңізге, ата-аналарыңызға, соғыс және еңбек ардагерлері мен зейнеткерлерге, олардың көп жылғы еңбегі мен біздің бейбіт өмірімізге қосқан өлшеусіз үлестері үшін, көнекөздіктері мен рухтарының биіктігі үшін алыстарыңыз бен жылы ықыластарыңызды аямаңыздар!
Әр азаматтың миссиясы - қарияларымызға қолдау көрсетіп, еңбектерінің зейнетін көруіне жағдай жасау болуы керек. Өзіміздің жауапкершілігімізді сезіне отырып, қарияларымыздың қамқорлық мен адами жылылыққа толы толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік туғызуымыз керек!