• KMF
  • Новости
  • Наурыз мейрамын жұртшылықпен бірге тойладық!

Наурыз мейрамын жұртшылықпен бірге тойладық!

27.03.2014

Наурыз мейрамын жұртшылықпен бірге тойладық!

2014 жылдың 22 наурызында Павлодар қаласы филиалының қызметкерлері Екібастұз қаласында Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз мейрамын атап өтті.

Филиал қызметкерлері қаланың орталық алаңында «KMF» атынан, дәстүрге сай, киіз үй орнатты. Киіз үй қажетті жабдықтармен толық қамтылған, сондай-ақ қосымша тұрмыста қолданылған құрал-жабдықтар мен қазақтың ұлттық киімдері қойылған, атап айтсақ: аң терілері, сандық, ертұрман, бесік, қамшы, құйысқан, күбі, сонымен қатар ұлттық тағамдар қойылған дастарқанның көркін ағаш ожау, тостаған секілді ертеде қолданылған ыдыс-аяқтар аша түсті.

Әрине, киіз үй қонақтарының басты назарында біздің қызметкерлердің өз қолымен әзірлеген мерекелік тағамдары болды. Қонақтарымыз наурыз көже, ет, палау, құрт-ірімшіктің дәмін татты, сонымен қатар өзге де ұлттық тағамдарды: өзбек самсасын, татар чак-чагін, қазақтың бауырсағын, орыс құймақтарын, белорус дранниктерін, қырғыз нарынын, әзірбайжан долмасы мен пахлавасынан және дұңғанның мәнтісінен ауыз тиюге мүмкіндік алды. Біздің тартуларымыздың ішіндегі ең қызықтырғаны Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың дастарқаны болды. Байқау комиссиясы мен біздің киіз үйдің қонақтары дастарқанымызға өте жоғары баға берді, құрметті қонақтардың ішінде Екібастұз қаласының әкімі Вербняк Александр Федорович те болды. Сол күні біз «Екібастұз Зағиптар қоғамының» өкілдерін мерекелік дастарқанға шақырдық. «Зағиптар қоғамының» өкілі барша жұртшылыққа алғысын білдіріп, бата берді.

Түрлі ойындар мен жарыстар арқылы халықтың көңілін көтердік: қанат тарту, жылдамдыққа бауырсақ жеу. Көңіл-көтеру бағдарламасының шарықтау шегі – филиал қызметкерлерінің қазақтың халық әні мен биі «Қамажай» мен «Қара жорғаға» және заманауи ән «Қызыл өрік», «Екібастұзға» флешмоб ұйымдастырғандығы болды.

Біздің филиалдың іждағаттылығы мен белсенді қатысқандығы атаусыз қалмады, біздің киіз үй құрметті 3-ші орынға ие болды.

Артқа қайту