Тараз қаласында кәсіпкер әйелдерге арналған тренинг-семинар өткізілді

05.06.2015

29 мамырда Тараз қаласында Жамбыл облысының кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкер-әйелдерге арналған тренинг-семинар болып өтті.

Шараның ұйымдастырушысы Жамбыл облысы Іскер әйелдерінің қауымдастығы. Шараға бизнесін жаңадан бастаған, сондай-ақ тәжірибелі әйел кәсіпкерлер шақырылды. Кездесу барысында бизнесті табысты жүргізу мәселелері мен кәсіпкер ханымдардың қосымша мүмкіндіктері жайлы сөз қозғалды.

Осы шара тәжірибемен алмасу, жаңа таныстық пен іскери қарым-қатынасты орнату үшін тиімді алаңқай болып табылады.

Бұл семинардың қатысушылары арасында «Даму» Аймақты дамыту қорының аймақтық филиалының, Тараз қаласының кәсіпкерлік бөлімі, сондай-ақ Екінші деңгейлі банктердің өкілдері болды, кәсіпкерлікі дамыту мен қолдау біріңғай бағдарламасының шеңберіндегі бизнестің жаңа мүмкіндіктерін көрсетті. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларының қатысушылары өз жетістіктерімен бөлісіп, мемлекеттік бағдарламаға қатысу себептерімен бөлісті.

«KMF» МҚҰ Жамбыл филиалы бөлімшелерінің бастықтары Айгүл Әбілдәқызы Бөлегенова мен Мая Тұрарқызы Әжмагамбетоваларға әйел кәсіпкерлігін қаржыландыру, әлеуметтік әсер ету бойынша қажетті ақпарат берілді.

Семинарға KMF клиенті Лиза Утарова қатыстысып, KMF-тің қаржылай қолдауы арқылы өз бизнесінің табысқа қалай жеткендігімен бөлісті.

Семинардың барлық қатысушыларына аталмыш шараға қатысқанын растайтын сертификаттар табыс етілді.

Артқа қайту