• KMF
  • Жаңалықтар
  • Астанада Қазақстан фермерлеріне арналған Агрофорум өтеді
04.05.2026

Астанада Қазақстан фермерлеріне арналған Агрофорум өтеді

2026 жылғы 15 мамырда Астанада Агрофорум өтеді. Іс-шараның негізгі тақырыбы – «Үй шаруашылығынан нарыққа: табысты агробизнес». Ұйымдастырушылар - KMF Банк және «KMF-Демеу» корпоративтік қоры.

Форум алғаш рет гибридті форматта ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен қатысушыларды офлайн және онлайн форматта біріктіреді.

Қазақстан экономикасында аграрлық сектордың рөлі артып келе жатқан жағдайда, негізгі назар бизнес ауқымын кеңейту, тәуекелдерді азайту және тиімді бизнес-модельдерді енгізу мәселелеріне аударылады. Қатысушылар агробизнесті дамытуға арналған практикалық құралдарды және фермерлік шаруашылықтардың табыстылығын арттыруға бағытталған шешімдерді талқылайды.

Форум спикерлері:

  • Данияр Әбітаев ауыл шаруашылығы және агробизнес саласының сарапшысы. Ол климаттық және нарықтық факторларды ескере отырып, саланың өңірлік даму перспективалары туралы баяндайды;
  • Бекзат Төрегелдиев өсімдік шаруашылығы саласының сарапшысы. Істі енді қолға алған фермерлер жіберетін 10 негізгі қателікті талдап, қалай жол бермеу керегін түсіндіреді;
  • Арсен Исламов ет өнеркәсібі мен мал шаруашылығы саласындағы тәжірибелі сарапшы;
  • Жанат Ысқақова - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласының сарапшысы. Сиыр етін өңдеудің тиімді әдістерін ұсынады;
  • Наталья Юдина кәсіпкер, айршир тұқымды сиыр сүтінен жасалған дәстүрлі сүт өнімдерін өндіретін «Северное» брендінің тең құрылтайшысы.
  • Форум аясында серіктестерді табуға және заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге бағытталған ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер көрмесі де өтеді.

Іс-шараға мына сілтеме арқылы тіркелуге болады. Тіркеу аяқталғаннан кейін тікелей эфирге қосылу үшін сілтеме жіберіледі.

БАҚ өкілдері тіркелу үшін: pr@kmf.kz

Артқа қайту