Алматы қаласында өткен банк және қаржы ұйымдары үшін шахматтан KPMG-дің XII турнирі

15.06.2015

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде банк және қаржы ұйымдары қызметкерлері арасында өткізілген KPMG-тің шахмат бойынша турнирі болып өтті.

Турнир FIDE ережесі бойынша швейцариялық жүйе негізінде жылдам шахматтар бойынша өткізілді. Әр қатысушыға пария соңына дейін берілетін уақыт - 15 минут.

Кәсіби төрелік жүргізгендер: халықаралық деңгейдегі гроссмейстер, шахмат клубының директоры Дзюбан Олег Иванович, шахмат клубының төрешілері.

Барлығы 7 партия өткізілді,16 адам қатысты, бірінші ойыннан кейін бір құрама команда қалыптастырылды, нәтижесінде ойын 15 команда арасында өткізілді.

Қатысушылар арасында Спорт шеберлігіне үміткерлер мен шахмат бойынша 1-ші, 2-ші дәрежелері бар қызметкерлер қатысты.

KMF командасы атынан қатысқандар:

1-үстел -Мерғалиев Дәулет – Павлодар қаласынан келген кредиттік сарапшы, қаланың «Алға» шағын тобы, компаниядағы жұмыс өтілі 1.5 жыл, бұрын компанияның Екібастұз қаласындағы Кредиттік басқару бөлімінде қызмет істеген.
2-үстел - Артықов Рустам – Түркістан қаласының жүйелік әкімшісі, компаниядағы жұмыс өтілі 3 жыл.
3-үстел - Жетібаева Гүлназ – Алматы қаласының Розыбакиевтегі филиалының Іргелі бөлімшесінің бастығы, бұрын Талдықорған филиалында қызмет істеген. Біздің команда атынан қатысқан ойыншылардың барлығы Астана, Қызылорда мен Алматы филиалдары арасында өткізілген аймақтық турнирлердің жеңімпаздары, шахмат әуесқойлары.

Турнир қорытындысы:
1-орын – «Эйр Астана №1» Әуекомпаниясы - 18 ұпай
2-орын – «Қазақстанның Халық Банкі» БК – 15 ұпай
3-орын – «ЦентрКредитБанкі» – 14,5 ұпай
4-орын - «KMF» МҚҰ– 12,5 ұпай (Даулет - 4 ұпай, Рустам – 6 ұпай, Гүлназ - 2,5 ұпай)
- «Цесна банк» – 12, 5 ұпай
- «Сбербанк России»– 12,5 ұпай
5-орын – «Цесна гарант» - 12 ұпай
6-орын – «Даму» КДҚ - 11,5 ұпай
7-орын – «Алтынбанк» – 11 ұпай
8-орын – «Қазақстанның Халық банкі» филиал-10.5 ұпай
9-орын – «Эйр Астана №2» Әуекомпаниясы – 9 ұпай
10-орын - «Азия Кредит банкі» – 7 ұпай Құрама команда– 7 ұпай
11-орын - KPMG – 6 ұпай

Жеке біріншілікте (мүмкін болатын 7 ұпайдың):

1-үстел 6 ұпай – « Эйр Астана» №1 Әуекомпаниясының қызметкері 6 ұпай – «Қазақстанның Халық банкі» БК қызметкері 5,5 ұпай – «Даму» КДҚ қызметкері
2-үстел 7 ұпай - «Эйр Астана» №1 Әуекомпаниясының қызметкері 6 ұпай – «KMF» МҚҰ қызметкері – Артықов Рустам 6 ұпай – БЦК пен Алтынбанктің қызметкері
3-үстел 6 ұпай – «Қазақстанның Халық банкі» БК қызметкері 5,5 ұпай – «Сбербанка Казахстана»қызметкері 5 ұпай – «Цесна гарант», «Эйр Астана» №1 қызметкерлері

Барлық ойын бойынша екі нәзік жанды арулар қатысқан болатын, солардың біреуі біздің KMF-тің қызметкері Гүлназ Жетібаева екенін айрықша айта кететін жағдай.

Біздің қызметкерлер өздерінің шеберліктерімен және жеңіске деген жігерімен ерекшеленді. Мәселен, Мерғалиев Дәулет 1-дәрежелі ойыншыны сан қақтырса, Артықов Рустам 2-үстел бойынша үздік нәтижеге қол жеткізді.

Біздің команда қатысушылары турнирдан алған әсерлермен бөліседі:

«Маған шахмат бойынша турнирге қатысқан ұнады, бұл шараға қолдау көрсетіп тұру керек. Бұрын мен тек қалалық турнирлерге ғана қатысып тұратынмын, респуликалық деңгейге шыққаныма өте қуаныштымын. Шахматты 8 жасымнан бастап ойнаймын, ең қиыны Спорт шеберіне үміткер дәрежесі бар Қазақстанның Халық банкі қызметкерімен додаға түсу қиындық туғызды, қобалжу да болды, -деп атап өтті Дәулет Мерғалиев.

«Мені шахмат ойнауға ата-анам үйретті мен ол кезде 6 жаста болатынмын. Көптен бері жарысқа қатыспаған екенмін, ойлап тұрсам, соңғы рет турнирлерге мектеп оқып жүрген кезде қатысыппын, содан бері біраз уақыт өтті. Сол себепті үздік нәтиже тек тәжірибемен келеді деп ойлаймын, сондықтан мейлінше тәжірибелі қарсыластарымызбен жарысқа түсу біз үшін аса маңызды болып табылады. Шахматпен аса бір қызығушылықпен әуестенемін. Бос уақытымда ойнаймын, оған қоса онлайн ойындар да шықты, менің қарсыластарым әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған шеберлер. Келесі жылы осы секілді мүмкіндік тағы да туатын болса, міндетті түрде қатысып, бақ сынаймын. Өзіміздің өзге қырымыздан танылуымызға мүмкіндік берген Компаниямызға алғысымыз шексіз!», - деп әсерін жеткізді Рустам Артықов.

«Шахматты алтыншы, жетінші сыныптан бері ойнаймын, соңғы кезде өте сирек ойнайтын болдым. Егер тұрақты ойнап, машықтанып отырса, бұдан да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге болады деп есептеймін. Мен келесі жылы да турнирге қатысып жүлделі орынды иеленуді алдыма мақсат етіп отырмын. Турнирдің ұйымдастырылуы өте жоғары деңгейде өтті. Қарсыластарымыздың да шахмат бойынша жоғары дәрежелі шеберлер болғандығы қуантады. Бұл аталмыш деңгейдегі турнирге қатысу алғашқы тәжірибеміз болып табылады. Келесі жолы жеңіске қол жеткіземіз деп үміттенеміз!», дейді Жетібаева Гүлназ.

Жеткен жетістіктеріңіз құтты болсын! Барлық Турнирге қатысқан және қолдау көрсеткен әріптестерімізге алғыс білдіреміз!

Артқа қайту