KMF қызметкерлері Қазақстанның қаржыгерлері Қауымдастығының Кеңесінің шешімі бойынша «Таңдаулы қаржыгер» Қоғамдық медальдарымен марапатталды
18.10.2013
17 қазанда басқарушы құрамның тоқсандық отырысында Қазақстанның қаржыгерлері Қауымдастығының (ҚҚҚ) Кеңесінің шешімінің негізінде KMF қызметкерлері «Таңдаулы қаржыгер» медальдарымен салтанатты түрде марапатталды.
Адал және мінсіз еңбегі, кәсіби шеберлігі және қаржы секторын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін ҚҚҚ «Таңдаулы қаржыгер» Қоғамдық медальдарымен марапаттауға KMF-тің келесі қызметкерлері ұсынылды:
- Әкімжанова Гүлшат Бостанқызы - KMF-тің Басқарма Төрағасының орынбасары;
- Әбенова Альмира Құрбанәлиқызы - KMF-тің Басқарма Төрағасының орынбасары;
- Сапарбекова Күлсара Мүтәлиқызы - KMF-тің Шымкент қ-ғы филиалының директоры;
- Райханова Қарлығаш Тілекқызы - Басқарушы директор – KMF-тің Басқарма мүшесі;
- Ибрагимова Рауза Абдулвахитовна - KMF-тің Басқарма Төрағасының кеңесшісі;
- Құлбекова Ардақ Шәріпқызы - KMF-тің Талдықорған қ-ғы филиалының директоры;
- Ибраева Сәуле Қадырбекқызы - KMF-тің Тараз қ-ғы филиалының директоры;
- Османбеков Талғатбек Сұлтанбекұлы - KMF-тің Өңірлік директоры;
- Исщанов Жексембай Омарұлы - KMF-тің Талдықорған қ-ғы филиалының Қарыздарды қайтару бөлімінің маманы.
Марапаттауға Қазақстанның Шағын қаржы ұйымдарының Қауымдастығының Директоры - Анатолий Глухов, сондай-ақ KMF-тің Басқарма Төрағасы – Шалқар Жүсіпов қатысты. KMF ұжымы әріптестерін наградаларды алуымен шын жүректен құттықтайды және алдағы уақытта да кәсіби және жеке табыстарға қол жеткізулеріне тілек білдіреді.
Басқа жаңалықтар
Жастар кәсіпкерлігі: KMF пен ЕҚДБ қолдауымен арманға бастар жол
03.04.2025
KMF банк болады! Сіздің ісіңізге мол мүмкіндік, жайлы жағдай!
28.03.2025
1 сәуірден бастап KMF мобильді қосымшасы мен ресми сайты арқылы микрокредитті өтеу кезінде қолданылатын комиссия мөлшерлемесіне өзгерістер енгізіледі
28.03.2025