• KMF
  • Новости
  • Ардагерге құрмет - ерлікке тағзым

Ардагерге құрмет - ерлікке тағзым

06.05.2016

Алматы қаласындағы KMF филиалының қызметкерлері жыл сайын Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін алғыс айтып, ыстық ықыласпен құттықтау шарасы дәстүрге айналған. Шын мәнінде бүгінгі күні самайларын қырау шалған, қарт жауынгерлердің ерлігіне қанша алғыс білдірсек те артық болмайтыны анық.

Шелек филиалының қызметкерлері әдеттегідей,Ұлы Отан Соғысының ардагері Ткаченко Василий Ивановичті Жеңіс Күнімен құттықтап барды. Василий Иванович өзінің өмірлік жарымен Тескенсу ауылында қарапайым тіршілікпен, ғұмыр сүріп жатыр екен.

Василий атамыз соғысқа 1942 жылы бозбала кезінде аттанған екен. Сталинград түбіндегі кескілескен шайқасқа түсіп, 1943 жылы жарақат алып, госпитальге түседі. 1944 жылы қайта әсер қатарына қосылып, майдан шебіне тұрады. 1948 жылы ғана әскерден оралады. 1950 жылы үйленіп, отбасын құрады, ардагеріміз екі қыз бен үш ұлдың әкесі атанады. Тағдыр жазуымен осы 2016 жылдың басында көлік апатынан кіші ұлы қайтыс болып, қария шерменде күйде отыр екен.

Қолдау көрсету мен соғыс жылдарындағы қыс ызғарын есіне түсірмеу мақсатында, филиал қызметкерлері ардагерге отын мен көмір түсіріп берді. Оған қоса, Василий Иванович жақындарымен мерекелік дастарқан басында Жеңіс күнін тиісті деңгейде атап өтсін деген ниетпен, азық-түлік қоржыны тарту етілді.

Артқа қайту