12.01.2026

Мерзімі өткен берешекті реттеу тәртібі

Құрметті клиенттер!

KMF Банктегі берешекті реттеу тәртібі туралы естеріңізге саламыз.

Кешіктірілген берешекті реттеу ҚР «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Егер несие бойынша кешіктірілген төлем пайда болса, жеке тұлға болып табылатын қарыз алушыоның пайда болған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде несие шарттарын өзгерту үшін Банкке жүгінуі тиіс. Бұл үшін жазбаша өтініш тапсыру керек.

Өтініш беру тәсілдері:

  • KMF Банк бөлімшелерінің кез келгенінде (мекенжайлар мына сілтемеде);
  • электрондық пошта арқылы - info@kmf.kz;
  • Банктік несие келісімшартында көрсетілген өзге де тәсілдер арқылы.

Өтініште міндетті түрде көрсетілуі тиіс:

  • берешектің пайда болу себептері;
  • кіріс туралы мәліметтер;
  • несиені мерзімінде төлеуге кедергі болған басқа расталған фактілер.

Банк өтінішті қабылдап, оны күнтізбелік 15 күн ішінде қарастырады және қарыз алушыға қабылданған шешім туралы хабарлайды.

Берешекті реттеу жолдары мен қарыз алушының құқықтары туралы толық ақпарат Банктің ресми сайтында жарияланған.

KMF Банк ұсынған ресми ақпаратқа ғана сүйенуді сұраймыз.
Тексерілмеген дереккөздерге және жалған ақпараттарға сенбеңіздер, берешекті реттеуге «көмек» ұсынатын делдалдарға жүгінуге болмайды - бұл қаржылық тәуекелдерге және алаяқтыққа әкелуі мүмкін.

Банктік несие келісімшартына қатысты банкпен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, банктік омбудсменге жүгінуге болады.

Омбудсмен қызметтері тегін көрсетіледі.

Банктік омбудсменнің байланыс деректері:
Сайт: https://bank-ombudsman.kz
Телефон: +7 771 929 33 33

Артқа қайту