Мәдени-іскерлік қатынастар
ЕЛ ЖӘНЕ БЕЙТІТШІЛІК, Астана, 2012 жылғы 21 сәуір
Қазақстан халықтары Ассамблеясы мен KazMicroFinance микрокредиттік ұйымы, сондай-ақ «МұнайГаз-Дем» жинақтаушы зейнетақы қоры ынтымақтастық туралы меморандум мен келісімге қол қойды.
Ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қоймас бұрын, қор ассамблеясы қаржылық мәдениетті көтеру туралы оқыту семинарын ұйымдастырды, мұнда азаматтарға зейнетақылық жинақтаудың қолда бар нысандары туралы әңгімеленді, зейнетақылық ресурстарды қалай пайдалану қажеттігі үйретілді. «МұнайГаз-Дем» жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері азаматтардың әртүрлі жастарын, әлеуметтік топтары мен тұрғылықты жерлерін ескерумен оқытудың қол жетімді бағдарламаларын ұсынды. Халыққа жеке қаржы мен зейнетақылық активтерді жинақтау және инвестициялау тәсілдерін меңгерту үшін ҚХА-ның нақты ақпараттық алаңдарды жасағандығы атап өтілді.
KazMicroFinance микрокредиттік ұйымы әйелдер кәсіпкерлігін, білім бағдарламаларын, инновациялық идеяларды қолдау бойынша Қазақстандағы әлеуметтік жоспарларды іске асыру тәжірибесімен алмасты.
Сөз кезегінде, ҚХА кәсіпкерлерінің қауымдастығы бірқатар жобаларды жеңілдікті шарттармен іске қосқандығын атап айтуға болады. ҚХА‑мен тағы бір бірлескен жоба жоспарлануда – бұл «Арман қалам – Астана» деп аталатын республикалық балалар суреттерінің конкурсы, ол екі кезең бойынша: Балаларды қорғау күніне арналған аймақтық және Астана күніне арналған республикалық конкурс ретінде өткізілетін болады.