• KMF
  • Новости
  • «Жібек Жолы» Оңтүстік Қазақстан филиалының жетінші бөлімшесінің ашылуы

«Жібек Жолы» Оңтүстік Қазақстан филиалының жетінші бөлімшесінің ашылуы

25.06.2015

Бүгін біздің компаниямызда жағымды жаңалық орын алып отыр, оған себеп «Жібек Жолы» Оңтүстік Қазақстан филиалының жетінші бөлімшесінің Шардара қаласында ашылуы.

Салтанатты шара Шардара қаласы әкімінің орынбасарының құттықтау сөзімен басталды. Ол Компанияға табыс тілей отырып, KMF-тің қала тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отырғаны үшін және аймақ тұрғындарына кредит беру арқылы бизнестерін дамытуға мүмкіндік туғызып, халықтың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етіп отырғаны үшін алғыс білдірді.

Ашылу салтанатына компанияның клиенттері, «Ордабасы» ОҚФ директоры мен директордың кредиттік қызмет жөніндегі орынбасары, жергілікті әкімдік қызметкерлері, кәсіпкерлік палатасының бастығы және басқалар қатысты. Сол күні жаңа екі топқа алғашқы рет кредит берілді. Клиенттерге кредит берілгеннен кейін сыйлықтар мен біздің қаржылық білім беру бағдарламасының оқу құралдары табыс етілді. Шара соңында қонақтарға мерекелік дастарқан жайылды.

Салтанатты ашылу рәсімі жылы әрі ұмытылмас әсер қалдырды. Жаңа бөлімшеге үздік көрсеткіштер мен жоғары нәтижелерге жетулерін тілейміз!

Артқа қайту