KMF-тің Өскемен қаласында жаңа филиалының ашылуы
Клиенттер санының артуына байланысты, KMF микрокредиттік ұйымының Өскемен филиалы салтанатты түрде жаңа кеңсесінің есігін ашады.
KMF-тің Өскемен қаласындағы филиалының жұмыс атқарған үш жылының ішінде бөлімше қаланың және облыстың кәсіпкерлерінің арасында сұранысқа ие болып үлгерді. Клиенттер санының көбеюіне байланысты компания қазіргі кеңсесін неғұрлым кең және жайлы кеңсеге ауыстыру туралы шешім қабылдады.
KMF-тің жаңа кеңсесінің тұсаукесері 14 маусымда болды. Салтанатты іс-шараға филиалдың алғашқы клиенттері, қалалық және аудандық билік өкілдері, баспасөз басылымдары мен теледидардан журналистер жиналды. Көптеген адамдар жаңа кеңсенің ыңғайлы орналасқанын және ұйымның қызметкерлері ұсынатын жайлы жағдайды атап көрсетті. Енді KMF-тің қаржы қызметтерінің жиынтығына келесі мекен-жай бойынша қол жеткізуге болады: 30-шы Гвардиялық Дивизияның көш., 24\1 үй, тел.: 61-51-26/61-51-27/61-51-30.
Бүгінгі күнде филиал 2000-нан астам адамға қызмет көрсетуде, олардың ішінде көпшілігі кәсіпкерлер болып табылады. Облыстық Риддер және Шемонаиха қалаларының тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін KMF-тің қосымша екі бөлімшесі қызмет атқарып тұр. Филиал құрылған сәтінен бастап жалпы сомасы шамамен 1,5 миллиард теңге болатын 8000-ға жуық кредитті берді. KMF-тің Өскемен қ-дағы филиалының жұмысы шағын бизнестің кәсіпкерлеріне, сондай-ақ ауылдық жерлерде тұратын фермерлер мен шаруаларға қолдау көрсетуге бағытталған. Осылайша KMF өзінің мақсаткерлігін – клиенттерге қол жетімді сапалы шағын қаржы қызметтерін ұсыну жолымен олардың әл-ауқатының жақсаруына көмек көрсетуін сенімді түрде ұстануда.