• KMF
  • Новости
  • Nur KZ: KMF микроқаржы ұйымы акционерлік қоғамға айналды.

Nur KZ: KMF микроқаржы ұйымы акционерлік қоғамға айналды.

04.06.2024
"KMF (КМФ) "Микроқаржылық ұйымы" ЖШС "KMF (КМФ) "Микроқаржылық ұйымы" акционерлік қоғамы болып мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.

Заңды тұлғаның өзгеруі компанияның қызметіне әсер етпейді, кредиторлар, клиенттер мен серіктестер алдындағы барлық міндеттемелер өзгеріссіз қалады. Деректемелер, соның ішінде банктік және бас кеңсенің орналасқан жері бұрынғыдай болады. Акционерлік қоғам болу KMF-ке Қазақстанда кәсіпкерліктің өсуі мен дамуына бағытталған өз стратегиясын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді. KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов: "Компаниямыздың акционерлік қоғамға айналуы – бұл біздің тарихымыздағы маңызды белес, біз оған мақсатты және дәйекті түрде аяқ бастық. Бұл қадам біздің тұрақты даму мен өсуге деген ұмтылысымызды білдіреді және шағын кәсіп иелеріне бұрынғыдан да тиімді қолдау көрсетуге, оларға инновациялық қаржылық шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Біздің миссиямыз өзгеріссіз қалады - микробизнесті дамыту арқылы экономиканың өсуіне және Қазақстандағы өмір сүру деңгейінің жақсаруына ықпал ету", - деді. 

Толығырақ сілтемеде

Артқа қайту