№10 мектеп-интернатта Наурыз мейрамы

22.04.2016

Біздің елімізде бұл мереке жаңарудың жаршысы, ынтымақ пен жаңа бастамалардың көрінісі болып табылады. KMF-тің Бас кеңсесінің қызметкерлері шараға құрметті қонақ ретінде қатысты.

Мерекелік шара мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты: ұлттық киімдер киіп, мың бұралған бишілер, жаныңа жылу берер әуезді әндер, спорттық күрес пен гимнастикадан көркем көріністер, өздері тіккен көркем көйлектердің көрсетілімі мен келген қонақтардың көз қуанышына айналған түрлі шаралар. Бұдан бөлек мектеп оқушылары өз қолымен жасаған қолөнер туындылары мен кәдесыйларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге әсем суреттер, моншақпен өрілген «Бәйтерек» секілді ауқымды колөнер туындылары қойылды.

Наурыз мерекесі шеңберінде мектеп басшылығы «KMF» МҚҰ көрсеткен қамқорлығы мен қайырымдылық көмектерін ерекше атап өтіп, ризашылық білдірді. Мерекенің құрметті қонақтарына Алғыс хаттар табыс етілді. Мектеп-интернатының тәрбиеленушілері бізге тарту еткен KMF белгісі бар кәдесыйы ерекше ыстық көрінді.

«KMF» МҚҰ компания қызметкерлеріне қайырымдылық дәстүрін қалыптастыруды өзінің миссиясы деп біледі. Компания қызметкерлері мектептегі осы секілді шараларды өткізуге арналған музыкалық орталықты сыйға тартып қана қоймай, өздерінің ерікті бастамаларымен жүйелі түрде оқушыларға түрлі үйірмелер өткізеді. Атап айтсақ, «Киноклуб», «Ақылдылар алаңы» және Бас кеңсе менеджерлері ай сайын өткізетін информатика сабақтары.

«KMF» микроқаржылық ұйымына біздің мектебімізді тұрақты қолдап отырғандарыңыз бен ұзақ мерзімді серіктестіктеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Міне бірнеше жылдан бері мектеп тәрбиеленушілеріне жаңа төсектер, проектор, теледидарлар мен музыкалық орталық алып беріп, кабельді теледидардың ақысын төлеуге көмек көрсетіп келеді. Бастысы, қаржылай көмектен өзге, компания қызметкерлерінің оқушылардың өмірі мен сабақтарына тәлімгерлігі балалар үшін аса тиімді әрі оң нәтижесін беріп отыр», - деп алғысын білдірді мектеп-интернатының атынан сөз сөйлеген Берекеева Ләззат Көлбайқызы.

Артқа қайту