Жас отан сүйгіштер - елдің мақтанышы
Фестивальге: «Қазақстан патриоты» журналының редакциясы және Жамбыл ат. Қазақ Мем. Филармониясы қатысты.
Конкурста үш шығармашылық бағыт ұсынылды: вокал, музыкалық аспаптарда орындау және би өнері. Жас конкурсқа қатысушылар, шетелдік те, сондай-ақ республикалық та көптеген конкурстардың жүлдегерлері Қазақстанның патриоттық әндерін орындап, қазақтың халық билерін биледі, мемлекеттік тілдегі туындыларды орындады.
«Фестиваль отаншылдыққа тәрбиелеу, балалардың бойында өз елінің ажырамас бөлігі ретінде сезінуді қалыптастыру, ізгілікке, рухани бай болуға және ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға тәрбиелеудің, вокалдық қабілетті дамыту, отан сүйгіштік үздік әндерді насихаттаудың мақсатында өткізіліп отыр», - дейді, Жамбыл ат. Қазақ Мем. Филармониясының директоры Мұхтар Жамашұлы Өтеуов.
KMF компаниясы фестивальге қатысушы балаларды бағалы сыйлықтармен ынталандыру үшін демеушілік қолдау көрсетті.
Ең жас қатысушыдан бастап жасы ең үлкеніне дейін – барлығы да сахнада болып жатқан көріністен зор әсерді алғанына қарап шығармашылық фестиваль табысты болды деген пікір айтуға болады.