• KMF
  • Новости
  • Микрокредиттер бойынша қарыздар кешірілмейді
Микрокредиттер бойынша қарыздар кешірілмейді

Микрокредиттер бойынша қарыздар кешірілмейді

09.12.2021

Қазақстанның МҚҰ қауымдастығы «кредиттік рақымшылық» туралы жаңалықты жоққа шығарды.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қарыздар, оның ішінде микроқаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша «кредиттік рақымшылық» жарияланғаны туралы ақпарат кеңінен тарап жатыр.

Қазақстан Микроқаржы ұйымдары қауымдастығы (ҚМҚҰҚ) және оның белсенді қатысушыларының бірі – «KMF» МҚҰ бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.

Микроқаржы ұйымдары қарызды халыққа Микроқаржы қызметі туралы заңға сәйкес береді, онда микрокредиттер ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ұлттық валютада беріледі деп көрсетілген.

Азаматтардың борыштық жүктемесін азайту мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚРРДА) төмендегі шараларды енгізді:

1. Микроқаржы ұйымдарына қарыздар бойынша пайыздарды және мерзімін өткізіп алғаны үшін айыппұлдарды есептеу бойынша шектеулер қойылды.

2. Микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті мөлшері енгізілді.

3. Азаматтардың микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешегін сотқа дейін реттеу рәсімі іске қосылды.

Осылайша мемлекет микроқаржы ұйымдары қарыз алушыларының құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.

Қазақстанда микрокредиттер бойынша қарыздарды есептен шығару түрінде ешқандай кредиттік рақымшылық жасалып жатқан жоқ! Қарыз алушылар кредиттік міндеттемелерін заңнамаға сәйкес адал және уақытылы орындауға тиіс.

Микрокредиттерді есептен шығару туралы жалған ақпаратты алақол азаматтар қарыз алушыларды адастыру және оларда мерзімі өткен берешекті қалыптастыру үшін таратып отыр.

Тек сенімді ақпарат көздеріне, бұқаралық ақпарат құралдарына сеніңіз!

Микрокредиттер, оның ішінде мерзімі өткен берешек бойынша кез келген сұрақтар туындаған жағдайда, KMF-тің байланыс орталығына 7474 нөмірі бойынша хабарласыңыз (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін).

Артқа қайту