- KMF •
- Жаңалықтар •
-
Микроқаржы ұйымдарының жиынтық несие портфелі 838 млрд теңгеден асты
08.11.2022
Микроқаржы ұйымдарының жиынтық несие портфелі 838 млрд теңгеден асты
Елімізде шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бағытталған микроқаржы ұйымдары көш бастап келеді.
Қазақстанның микроқаржы нарығы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Мысалы, осы жылдың екінші тоқсанының аяғында елдегі 243 микроқаржы ұйымының жиынтық несие портфелі 838,3 млрд теңгені құраған. Бұл былтырғыға қарағанда 58%-ға көп. Соңғы 5 жылда Қазақстанның МҚҰ микронесиелеу көлемі 6,4 есеге ұлғайған, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің микроқаржы қызметті лицензиялауды енгізуі салаға оң ықпал етті. Бір жыл бұрын елімізде 217 микроқаржы ұйымдары тіркелсе, осыдан бес жыл бұрын олардың саны 146 болған.
Басқа жаңалықтар
KMF Банк мобильді қосымшасында енді Kaspi QR арқылы саудаңыздың ақысын төлеуге болады
15.06.2026
АҚШ долларындағы валюталық шот ашып, қалдық қаражатқа жылдық 1% табыс алыңыз
08.06.2026
2026 жылғы 27 мамырдан бастап төмендегі қызмет бойынша жеке тұлғаларға арналған тарифтерге өзгеріс енгізілетінін хабарлаймыз
29.05.2026