KMF банк болады! Сіздің ісіңізге мол мүмкіндік, жайлы жағдай!
Құрметті клиент!
KMF-ке сенім артқаныңыз үшін сізге алғыс айтамыз! Біз KMF-ті банкке айналдыруға рұқсат алғанымызды қуана хабарлаймыз. Бұл сіз үшін жаңа мүмкіндіктер мен қолайлы қаржылық шешімдерді дамытудың маңызды қадамы.
Уәкілетті органнан KMF-тің банкке айналуға рұқсат алуы Сіздің бұрын жасалған микрокредит шарты бойынша міндеттемелеріңіздің қолданысын өзгертпейтінін/тоқтатпайтынын хабарлаймыз.
Баяндалғанды назарға ала отырып, KMF-ті банкке айналдыру мына жоспарланған банк операциялары мен өзге де операциялар тізбесімен жүретінін хабарлаймыз:
1. депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
2. депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
3. банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
4. жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі;
5. кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдау және беру;
6. аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау;
7. есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
8. банктік қарыз операциялары: төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;
9. қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операциялары;
10. банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
11. төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
12. аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
13. ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беру;
14. үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беру.
KMF өзінің клиенттері мен миссиясына адалдығынан айнымай өзгеру үстінде! Біз сіздің ісіңізге мол мүмкіндік бере отырып, алға бірге қадам басуды жалғастырамыз.
KMF – ісіңізге ізгі махаббатпен!