• KMF
  • Новости
  • KMF 20 млрд теңгеге облигациялар шығарды
30.05.2025

KMF 20 млрд теңгеге облигациялар шығарды

Еліміздегі микроқаржыландыру нарығының жетекші ойыншысы "KMF "микроқаржы ұйымы" АҚ бизнестің тұрақтылығын және инвесторлар тарапынан сенімнің жоғары деңгейін көрсете отырып, Қазақстан қор биржасында (KASE) бірқатар операцияны сәтті аяқтады.

Мамыр айында компания облигацияларды орналастыру шеңберінде 20 млрд теңге тартты және бұрын шығарылған облигацияларды жалпы сомасы 23,55 млрд теңгеге өтеуді жүзеге асырды.

Орналастыру андеррайтерлері "BCC Invest" АҚ – "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы, "Сентрас Секьюритиз" АҚ "First Heartland Jusan Invest" АҚ, "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы"АҚ болды.

KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов: "Облигацияларды кезекті рет сәтті орналастыру және алдыңғы шығарылымды уақытылы өтеу инвесторлардың біздің ұйымға деген сенімінің жоғары деңгейін және компанияның тұрақты қаржылық жағдайын растайды".

KMF – Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. Нарықта 1997 жылдан бастап жұмыс істейді, микро, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырады. KMF-тің Қазақстан бойынша 17 филиалдан және 122 бөлімшеден тұратын ауқымды желісі және сапалы әрі әртараптандырылған кредиттік портфелі бар.

KMF қазақстандық және халықаралық қаржы ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ал KMF тұрақтылығы Fitch Ratings-тің «Тұрақты» «B+» кредиттік рейтингімен расталады.

Артқа қайту