• KMF
  • Новости
  • KMF қазақстандық кикбоксингті қолдауда

KMF қазақстандық кикбоксингті қолдауда

20.05.2016

12-15 мамыр аралығында Венгрияда кикбоксингтен ересектер арасында өткен Әлем кубогын қорытындылау мақсатында Астанада баспасөз конференциясы өтті. Чемпионатқа 25 елден 300-ге жуық қатысушы, соның ішінде Қазақстаннан 23 спортшы қатысты.

Қазақстандық спортшылар жиынтығында 20 медальді қанжығаларына байлады, соның ішінде: 7 алтын, 5 күміс, 8 қола!

KMF компаниясы әрбір жүлдегерге қаржылық көмек көрсетті. Алтын медаль олжалаған спортшыларға 200 мың теңге, күміске – 150 мың теңге, қолаға – 100 мың теңге табыс етілді. Сондай-ақ жаттықтырушылар да сый-сыяпаттан шет қалмады. Қазақстандық кикбосинг федерациясына KMF көрсеткен көмектің жалпы бюджеті 3,2 млн. теңгені құрады. ҚР кикбоксинг федерациясы KMF-ке зор алғыстарын білдірді.

KMF-тің Астана қаласындағы филиалының директоры Арман Сәрсенғалиев:

«Спортшылар салауатты өмір салтын насихаттауда зор үлес қосуда, сондықтан KMF оларды барынша қолдауға әзір. Сіздер – өскелең ұрпаққа өнеге болатын азаматтарсыздар, сіздердің жарқын жетістіктеріңіз жастарды спортпен шұғылдануға үндейді. Жалпы алғанда, KMF қаржы нарығында 19 жыл қызмет атқарып келеді және осы жылдар бойы әлеуметтік жауапты компания ретінде балалар спортын, сондай-ақ басқа да спорт түрлерін қолдап, бірқатар әлеуметтік жобаларға және қайырымдылық акцияларына белсене ат салысып жүр».

Спортшыларымызды тағы бір рет зор жетістіктерімен құттықтаймыз!

Артқа қайту