KMF Алматы облысының тұрғынына автокөлік сыйлады
02.05.2023
Аршидин Тұрғанов KMF компаниясының "KMF-Qurmet" ниеттестік бағдарламасының қатысушылары арасында тұңғыш рет өткен ұтыс ойынында жеңіске жеткен болатын.
Аршидин Тұрғанов Алматы облысындағы Шонжы ауылында 9 жылдан бері шағын кәсіппен айналысып келеді. Ол сплитер блоктар шығарады. Құрылыс маусымы басталған шақта өнімдеріне сұраныс та өте жоғары көрінеді. Уақытының тығыздығына қарамастан ол отбасымен бірге KMF сыйлаған автокөліктің кілтін салтанатты түрде алуға келді. Аршидин Тұрғанов KMF компаниясының "KMF-Qurmet" ниеттестік бағдарламасының қатысушылары арасында тұңғыш рет өткен ұтыс ойынында жеңіске жеткен болатын. Ол 2014 жылдан бері компанияның клиенті, кәсібін де KMF-тің қаржылай қолдауының арқасында бастап кеткен.
"Кәсіпті бастағанымда қолымда станогым ғана болды, шикізат алатын қаржым жоқ еді. KMF-ке барып, көмек сұрадым, қолдады, қаржыландырды. Бизнесімді сәтті бастадым, әлі де жұмыс қызу. Айналымдағы қаражатты толықтыру үшін KMF-ке жиі барамын. Жақында микрокредит рәсімдеп, жабдық сатып алдым, сөйтіп өндірісімді толық автоматтандырдым, енді жұмысты қолмен істеудің қажеті жоқ. Бизнесіңе арналған автокөліктің болуы – уақытты айтарлықтай үнемдеу. Қазір бізде 9 қызметкерге бір көлік. Тапсырыс көп, өлшеу үшін барамыз, жеткізу үшін де сол бір көлікке қарап отыруға тура келетін. Сондықтан KMF-тің сыйлығы дер кезінде жеткен сый болды. Оны бизнесіме қолданамын", - дейді кәсіпкер Аршидин Тұрғанов.
Бүгінгі таңда KMF-тің 250 мыңнан аса клиенті бар, олардың басым бөлігі – Қазақстанның әр өңірінде бизнеспен айналысып отырған кәсіпкерлер. Олар саудамен, өндіріспен, ауыл шаруашылығымен айналысады, ең бастысы, өздерін жұмыспен қамтып қана қоймай, елдімекендердің көптеген тұрғынына жұмыс беріп отырғандар. Автокөлік KMF әзірлеген жалғыз сыйлық емес. Сонымен қатар, 100 гаджет, саяхатқа арналған әрқайсының номиналы 1 млн теңгелік екі сертификат та ойнатылды. Ал қарашада компания басты сыйлық - Астанадан пәтердің иесін анықтайтын болады.
"Клиенттеріміздің 90%-ға жуығы – кәсіпкерлер. Біз олардың ісіне қамқорлықпен және құрметпен қараймыз. Сондықтан, «KMF-Qurmet» ниеттестік бағдарламасы бойынша жүлде қорын таңдаған кезде қолайлы, пайдалы болуына баса назар аудардық. Мысалы, автокөлік – бизнес үшін керемет көмекші, пәтер – болашақ үшін тиімді инвестиция, гаджеттер – өз ісіңді қашықтан жүргізіп, KMF-пен онлайн жұмыс істеуге мүмкіндік. Саяхатқа арналған сертификаттар – үзіліс алып, демалып, бизнес үшін күш жинауға себеп", - дейді KMF Басқарма төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханова.
Айта кетейік, қарашада KMF пәтер ғана емес, тағы бір автокөлік, гаджеттер мен саяхатқа арналған сертификаттар ойнатады. Жеңімпаздар тағы да «KMF-Qurmet» ниеттестік бағдарламасына қатысушылар арасынан анықталады. Компаниядағылардың айтуынша, ұтыс ойынына бағдарлама шарттарына сәйкес келген әр клиент қатыса алады. Толығырақ kmf.kz сайтынан немесе 7474 номері арқылы білуге болады.
KMF – микроқаржыландыру саласының флагманы. Нарықта 25 жылдан аса уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Компанияның кредит портфелі 200 млрд теңгеден жоғары. KMF стратегиясы кәсіпкерлікті дамытуға, цифрлық сервистерді жетілдіруге және әр клиентке жеке көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы.
Артқа қайту

Басқа жаңалықтар
«KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ Талдықорған қаласының тұрғындарын Мерейтойлық Қала күнімен құттықтайды
28.09.2024
«KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ Директорлар кеңесі Басқарманың жаңа құрамын бекітті
12.09.2024
АО «МФО «KMF (КМФ)» Халықаралық Қаржы Корпорациясымен (IFC) 50 миллион АҚШ долларына несие туралы келісімге қол қойды.
10.09.2024