• KMF
  • Новости
  • KMF ШҚО Қарауыл ауылында жаңа бөлімшесін ашады

KMF ШҚО Қарауыл ауылында жаңа бөлімшесін ашады

25.10.2013

Бүгін компания Шығыс Қазақстан облысының тағы бір ауылында есігін айқара ашып, осы өңірдің ауылдық жерлеріндегі тұрғындарға бұрынғыдан да жақындай түседі. Бөлімшенің салтанатты түрде ашылуы Абай ауданының Қарауыл ауылында болады, оған игі дәстүр бойынша компанияның әріптестері, аудандық билік өкілдері және жергілікті тұрғындар келіп қатысады. KMF-тің жаңа бөлімшесі Семей қаласының филиалына қарайды және оның екінші бөлімшесі болып табылады. Еске сала кетейік, бірінші бөлімше өткен жылдың мамыр айында Бесқарағай ауданында ашылған болатын.

Бұл ауылда компанияның кеңсесінің пайда болуы Абай ауданының тұрғындарына өздеріне ақша қаражаттарын алып және өздерінің әл-ауқатын жақсартуына мүмкіндік береді. Бұл бөлімшеде алғашқы микрокредиттерді беру бүгінгі күннен басталады. Және, ашылуға дайындық жақында ғана басталғанына қарамастан, туған ауылыңда кредиттерді алып және оларды өтеудің мүмкін екендігі туралы ақпарат бірден тарады, 27 жергілікті тұрғын әлден-ақ несиені алуға өтінімдерін беріп үлгерді.

Жаңа бөлімше жайлылықтың барлық өлшемдеріне сәйкес келеді, келесі мекен-жайда орналасқан: ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Мұхаметханов көш. 2, тел.: 8 (72252) 9-22-93.

Артқа қайту