KMF Қарабұлақ кентінде жаңа бөлімшесін ашты

30.09.2013

Өркен – компанияның Шымкенттегі аймақтық филиалының он үшінші аудандық бөлімшесі, оның салтанатты ашылуы Сайрам ауданында, Қарабұлақ к., ОҚО, болды.

Дәстүр бойынша ашылуға жергілікті атқарушы билік орнының өкілдері, атап айтқанда, Қарабұлақ ауылының әкімі, компанияның әріптестері және жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары шақырылды. Символикалық бауды кесу де, құрметті қонақтар ретінде, осы бөлімшенің бірінші клиенттеріне сеніп тапсырылды. Алғашқы күннің өзінде 15 адам компаниямен әріптестік жасау туралы шешімді қабылдап, 9 топты құрды және 2 миллион теңгеден астам сомаға топтық кредиттерді ресімдеді.

Жаңа бөлімше қолайлылықтың барлық өлшемдеріне сәйкес келеді, бұнда ыңғайлы кассалар, күту аймақтары және, әрине, сыпайы және жоғары білікті қызметкерлер бар. Бөлімше келесі мекенжай бойынша орналасқан: ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ кенті, П. Рүстемов көш. н/ж, "Әсия" СҮ, 2-қабат, жұмыс тел. 8 (725231) 27869.

Артқа қайту