KMF жаңа бөлімшесін ашты
Жаңа жылдың қарсаңында KMF Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында Қалбатау ауылында жаңа бөлімшесін ашты.
11 желтоқсанда бауды салтанатты қиюдың рәсімі болды. Ауыл үшін бұндай маңызды оқиғаға жергілікті тұрғындар, ұйымның әріптестері және Семей қ. қалалық әкімдігінің өкілдері келіп қатысты.
Бұрын ауыл тұрғындары компаниядан тегін кеңестерді және микрокредиттерді алған еді, бірақ бұл үшін оларға қалаға бару керек болатын. Енді туған ауылдан ұзамай-ақ қаржылай қолдауға ие болатын сәт туды. Бөлімше Жарма ауданының тұрғындарына әр түрлі қажеттіліктері мен мақсаттарына несие алып, өздерінің әл-ауқатын жақсартуына мүмкіндік береді.
Бөлімшенің бірінші жұмыс күнінде-ақ алғашқы кредиттер берілді. 6 клиент 880 000 теңгенің сомасына ақшалай қаражатты алды. Жаңа бөлімшенің мекен-жайы: ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Әлімбетов көш. 37.