KMF 16-шы филиалын ашты
27 қараша күненде KMF-тің Батыс Қазақстан филиалының, компанияның филиал желісінде 16-шы филиалының ашылуы да болды. Ашылудың күнінде 53 оралдық тұрғын өздерінің алғашқы кредиттерін алды, алғашқы берілген кредиттер сомасы 16 950 000 теңгені құрады.
Салтанатты шара осындай оқиғаларға арналған дәстүрлі форматта орындалды: шарлармен безендірілген операция залы, клиенттерге арналған гүлдер мен сыйлықтар, фуршет, облыстық және қалалық газеттердің тілшілері, облыстық телеарнаның түсіру тобы, шақырылған қонақтар - облыстық және қалалық кәсіпкерлікті қолдау құрылымдарының, қоғамдық ұйымдардың басшылары, әріптестер.
Бұл көптен күткен шара болатын, өйткені KMF-тің республика бойынша табысты қызмет атқарып жатқан филиалдарының саны 16-ға жетті, қараша айында компания өзінің 16 жасқа толғанын атап өтті, ал ұйымның активтері 16 млрд. теңгеден асты.