KMF Isker Hanymy-2022 байқауының жеңімпаздары анықталды!

14.11.2022

Алматыда 11 қараша күні керемет шара өтті - KMF Isker Hanymy-2022 байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Алматыда 11 қараша күні керемет шара өтті - KMF Isker Hanymy-2022 байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Биыл байқауға қатысуға 2 мыңнан аса кәсіпкер әйел өтінім берген, олардың барлығы - кәсіптерін KMF-пен бірге дамытып отырғандар. Жеңімпаздарды марапаттау шарасына еліміздің түкпір-түкпірінен компаниямыздың жүзден аса клиенті келді, олардың арасында Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз және Шымкент қалалары бар. Байқауды өткізудегі сәтті тәжірибе мен шексіз алғыс, тілектер мұндай іс-шараға деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті.

«Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау – компаниямыздың негізгі бағыттарының бірі. «KMF Isker Hanymy» - оның жарқын дәлелі. Биылғы марапаттау салтанатының ауқымы кең. Қатысушылардың саны да екі еселеніп отыр! Бұл байқауға қатысқандардың барлығы – ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген кәсіпкерлер», - деді KMF Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Жеңімпаздарға тұрмыстық техника сатып алуға арналған 500 мың теңгелік, ал Бас жүлде иегеріне 1 000 000 теңгеге сертификат табыс етілді.

KMF Isker Hanymy-2022 байқауының жеңімпаздары:

·       Бас жүлде – Айгүл Асырауова, Қаскелең қаласы (ландшафт дизайн және көгалдандыру);

·       «Бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін» - Айдана Мұсабекова, Талдықорған қаласы (ұялы телефондар мен аксессуарлар саудасы);

·       «Агробизнеске қосқан үлесі үшін» - Салтанат Айнабекова, Шымкент қаласы (мал шаруашылығы);

·       «Әлеуметтік бизнеске қосқан үлесі үшін» - Сандуғаш Асылбек, Шымкент қаласы (балабақша);

·       Әділ қазылардың арнайы сыйлығы – Радина Ян, Талдықорған қаласы (қоғамдық тамақтандыру).

Негізгі номинацияларға қоса 9 іскер ханымға 100 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы берілді, сонымен қатар KMFProBusiness менторинг бағдарламасының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.

Биыл KMF 25 жылдық мерейтойын атап өтеді. Компанияға сенім артқан 250 мыңнан аса клиенті бар және олардың 55 пайызы – әйелдер. KMF-тің еліміз бойынша 14 филиалы мен 116 бөлімшесі жұмыс істейді.

Артқа қайту