KMF Қызылорда облысындағы қамту аймағын кеңейтуде
8 маусым күні Қызылорда филиалы өз қамту аймағын кеңейтті. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде «Қазалы» бөлімшесі ашылды.
Кент Қызылордадан 410 шақырым қашықтықта орналасқан. Аталмыш аймақ облыс бойынша ауқымы мен дамуы жағынан аса ірілігімен ерекшеленеді. Кентте 38 000 жуық адам тұрады, ал аудан бойынша 45 000 тұрғын, олардың көпшілігі бизнес пен агро саласын дамытуда. Тұрғындар бойынша клиенттік әлеует 2300 жуық. Кентке 105 шақырым қашықтықта Арал қаласы орналасқандықтан, осы аймақ тұрғындарын кредитпен қамту барысында оң серпіліс күтілуде.
Жаңа кеңсенің салтанатты ашылуында компания қонақтары мен серіктестері қатысты. Филиал директоры Орынбек Бәйменовтың құттықтау сөзінен кейін, Халық банк және Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп салтанатты түрде тұсау кесу рәсімі өткізілді.
Қазіргі таңда Қазалы бөлімшесінің 95 млн. теңгені құрайтын кредиттік қоржыны бар, 480 астам белсенді клиентке қызмет көрсетіледі.
«Қазалы» бөлімшесінің мекенжайы: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі, 9 үй. тел/факс: 8 (724) 38 24141