KMF Colvir IT-платформасына көшеді

KMF Colvir IT-платформасына көшеді

20.02.2023

Бүгін KMF пен Colvir Software Solutions компаниясы бірлескен жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Colvir IT-платформасы KMF-ке жаңа өнімдерді шығаруды жеделдетуге, сервисті жақсартуға және бизнес-процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Шалқар Жүсіпов, KMF Басқарма төрағасы:

«Компаниямыздың мақсаты – клиенттерге ыңғайлы әрі түсінікті өнімдерді ұсыну. Colvir жүйесі KMF-тің жаңа деңгейге өтуі болып табылады, ол бізге бұрынғыдан да технологиялы, жылдам және тиімдірек болуға мүмкіндік береді. Біздің компания IT саласындағы трендтерді жіті қадағалап, ең үздік тәжірибелерді өз жұмысында қолданады. Colvir Software Solutions қаржы институттары үшін IT-шешімдердің ең ірі әзірлеушісі ретінде әлемдік нарықта өзін әлдеқашан әрі табысты түрде танытты. KMF-тің Colvir платформасына көшуі компанияның операциялық шығындарын азайтады, процестерді жылдамдатады және бизнесті цифрландыру жоспарларының сәтті орындалуын қамтамасыз етеді».

Александр Богданов, Colvir Software Solutions директоры

«Біз үшін KMF-те Colvir жүйесін енгізу жобасының іске қосылуы көптен күткен және қуанышты жайт. Орталық Азия елдері арасында микроқаржы секторындағы көшбасшылардың бірі ретінде KMF өсу, дамыту және жаңа технологияларды ендіруде жоғары әлеуетті паш етіп отыр. KMF-ке цифрлық трансформация мен бизнесті кеңейтуге көмектесу Colvir Software Solutions мамандары үшін қызықты және жауапты міндет болады. Біздің екі компаниямыз да өз өнімдері мен қызметтерін дамытуға және жақсартуға ұмтылады және біз барлық мақсатқа бірлесе қол жеткізе аламыз. Бүгін жаңа озық шешімдерді ендіруге алғашқы қадам жасап жатырмыз, соның арқасында KMF клиенттері заманауи ақпараттық технологиялар негізіндегі ең үздік сервиске қол жеткізетін болады».

KMF – Қазақстандағы микроқаржы саласының флагманы. Компания нарықта 25 жылдан аса уақыттан бері жұмыс істеп келеді. КMF стратегиясы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған, қызмет еткен жылдар ішінде мұнда 750 мыңға жуық клиентке қызмет көрсетілді. Компанияның ҚР бойынша 14 филиалы мен 117 бөлімшесі бар.

*Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы.

Артқа қайту