- KMF •
- Жаңалықтар •
-
KMF Банк KoronaPay жедел ақша аударымдарын іске қосты («Золотая Корона» төлем сервистері жүйесі)
23.06.2026
KMF Банк KoronaPay жедел ақша аударымдарын іске қосты («Золотая Корона» төлем сервистері жүйесі)
Енді KMF Банк клиенттері KoronaPay ақша аударымдарын әлемнің 35-тен астам еліне жылдам әрі ыңғайлы түрде жібере алады.
Сервистің артықшылықтары:
- Аударымды жылдам алу;
- Кең география - 35-тен астам елге жіберу мүмкіндігі;
- Тиімді тарифтер: конвертациямен аударғанда комиссия 0%-дан бастап*, KZT және USD валюталарында аударғанда - 1%;
- Бір аударымның ең жоғары сомасы - баламасы 10 000 АҚШ долларына дейін.
*Валюта айырбастау бағамын аударым жіберу сәтінде РНКО «Платежный Центр» (ООО) белгілейді.
Аударымды қалай жіберуге болады?
KMF Банк бөлімшесінде аударымды рәсімдеу үшін:
- жеке басын куәландыратын құжатты көрсету;
- аударым сомасы мен валютасын, сондай-ақ жіберетін елді көрсету;
- алушының аты-жөні мен телефон нөмірін ұсыну;
- аударым сомасын енгізіп, комиссияны төлеу қажет.
Аударымды қалай алуға болады?
Алушыға қажет:
- жеке басын куәландыратын құжатты көрсету;
- аударымның бақылау нөмірін айту;
- жіберушінің аты-жөнін және аударым сомасын атау.
Маңызды! Қауіпсіздік мақсатында аударымның бақылау нөмірін үшінші тұлғаларға бермеңіз.
Басқа жаңалықтар
KMF Банк мобильді қосымшасында енді Kaspi QR арқылы саудаңыздың ақысын төлеуге болады
15.06.2026
АҚШ долларындағы валюталық шот ашып, қалдық қаражатқа жылдық 1% табыс алыңыз
08.06.2026
2026 жылғы 27 мамырдан бастап төмендегі қызмет бойынша жеке тұлғаларға арналған тарифтерге өзгеріс енгізілетінін хабарлаймыз
29.05.2026