• KMF
  • Жаңалықтар
  • KMF Банк Әйел кәсіпкерлерді қаржыландыру кодексіне қосылды
03.04.2026

KMF Банк Әйел кәсіпкерлерді қаржыландыру кодексіне қосылды

2026 жылғы 3 сәуір - «KMF Банк» АҚ Әйел кәсіпкерлерді қаржыландыру кодексіне (WE Finance Code) қосылды. Бұл - Еуропалық қайта құру және даму банкі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы қолдау көрсететін халықаралық деңгейде мойындалған бастама. 

Бүгін Банк Кодекстің негізгі қағидаттарын ұстануға және оны іске асыруға қатысуға дайын екенін растап, ниеттілігі туралы хатқа қол қойды. Кодекс әйелдер басқаратын микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған ортақ міндеттемелерді қамтиды. Сонымен қатар, ол әйел кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдаудың ашықтығын қамтамасыз етіп, нәтижелерін сандық тұрғыда өлшеуге мүмкіндік береді. 

- Біз KMF қызметінің алғашқы күндерінен бастап әйелдер кәсіпкерлігін дамытып келеміз, әсіресе өңірлер мен ауылдық жерлерге ерекше назар аударамыз. Осы уақыт ішінде «KMF-Демеу» қорымен бірлесіп, әйелдердің бизнес саласындағы қаржылық және білім беру мүмкіндіктеріне қолжетімділігін арттыратын бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырдық. Кодекске қосылу - осы жұмыстың заңды жалғасы. Бұл бастамаға қатысу бізге инклюзияны дамытуға қосатын үлесімізді күшейтіп, халықаралық тәжірибені тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Біз бұл қадам Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің тұрақты дамуына қосымша мүмкіндіктер ашады деп сенеміз, - деп атап өтті “KMF Банк” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханова.

Артқа қайту