• KMF •
  • Жаңалықтар •
  • KMF Банк БҰҰ-ның SDG Champions 2026 халықаралық байқауында күміс жүлдеге ие болды
13.11.2026

KMF Банк БҰҰ-ның SDG Champions 2026 халықаралық байқауында күміс жүлдеге ие болды

KMF Банк БҰҰ-ның SDG Champions 2026 халықаралық байқауында күміс жүлдеге ие болды

SDG Champions - БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шарты желісінің бастамасы. Бұл бастама компаниялардың БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесін бағалайды.

KMF Банк тұрақты даму саласындағы жетістіктері үшін «Ірі бизнес» санатында күміс жүлдеге ие болды.

Біздің негізгі жетістіктеріміз:

  • KMF Банктің қаржылық қызметтері 4 мыңнан аса елдімекен тұрғындары үшін қолжетімді.
  • Банк клиенттерінің жартысынан астамын әйел кәсіпкерлер құрайды.
  • «KMF-Демеу» қорымен бірлесіп, қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған оқыту бағдарламалары жүзеге асырылуда.
  • Банк шалғай елдімекендерде орналасқан бөлімшелерін спутниктік интернетке қосу бойынша ауқымды жобаны іске қосты. Бұл цифрлық теңсіздікті азайтуға ықпал етеді.

Бұл марапат қаржылық қолжетімділікті кеңейту, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, білім беру және цифрландыру бағыттарындағы жұмысымыздың маңыздылығын растайды.

Артқа қайту