- KMF •
- Жаңалықтар •
-
KMF Банк шалғай аймақтарда Starlink спутниктік интернетін қосады
KMF Банк шалғай аймақтарда Starlink спутниктік интернетін қосады
KMF Банк шалғай елді мекендерде орналасқан өз бөлімшелерінде спутниктік интернетті қосу бойынша ауқымды жобаны бастап кетті. Starlink-тің алғашқы қондырғысы Сарқанд қаласында іске қосылды. Сервистерді қолдау департаментінің Директоры Павел Кокорев: «Бірқатар шалғай өңірлерде интернет инфрақұрылымы нашар дамыған,көбінесе жерүсті провайдері шектеулі жылдамдықпен жұмыс істейді. Starlink –жаңа офистер ашылған кезде оңай тасымалданатын мобильді шешім. Ол жер үсті арналарымен қамтылмаған жерде де жұмыс істейді және жергілікті операторларға тәуелді емес. Бұл клиенттерге қызметті жылдам әрі ыңғайлы алуға көмектеседі және қызметкерлердің тиімділігін арттырады, өйткені спутниктік интернеттің жылдамдығы аймақтардағы дәстүрлі байланыс арналарынан 16 есе жоғары».
Банк жақын арада ел бойынша 22-ге жуық бөлімшені спутниктік интернетке қосуды жоспарлап отыр.