• KMF •
  • Жаңалықтар •
  • KMF Банк SDG Champions 2026 байқауында күміс жүлдеге ие болды
12.11.2026

KMF Банк SDG Champions 2026 байқауында күміс жүлдеге ие болды

«KMF Банк» АҚ SDG Champions 2026 (ОДМ 2026 чемпиондары) байқауында «Ірі бизнес» санаты бойынша күміс алды. Байқауды БҰҰ Жаһандық шартының Орталық Азиядағы желісі өткізді. Байқаудың мақсаты – компаниялардың Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ/SDGs) қол жеткізуде қосқан үлесін тану, өңірде ашықтық, көміртексіздендіру, жауапты инвестициялау және этикаға негізделген еңбек қағидаттарын ілгерілету. 2026 жылы компаниялардың 2025–2026 жылдардағы жетістіктері бағаланды.  

Байқауға келіп түскен өтінімдерді тәуелсіз халықаралық қазылар алқасы қарады.

Банк байқауға өзінің стратегиясы мен негізгі қызметінің ажырамас бөлігіне айналған орнықты даму тәсілін ұсынды. KMF үшін төрт мақсат басымдыққа ие: ОДМ 4 «Сапалы білім беру», ОДМ 5 «Гендерлік теңдік», ОДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» және ОДМ 9 «Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым». 

Банктің оң ықпалының басты бағыттарының бірі — қаржылық инклюзия.
KMF 17 филиалы мен 123 сату нүктесі арқылы 4 000-нан астам елдімекендегі клиенттерге қызмет көрсетеді, ал клиенттік базаның 65%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Цифрлық теңсіздікті азайту мақсатында Банк шалғайдағы ауылдық бөлімшелерді Starlink спутниктік интернетіне біртіндеп қосуда.

KMF әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға ерекше көңіл бөледі: Банк портфелінің 53%-ға жуығын кәсіпкер әйелдер құрайды. 2026 жылы Банк Кәсіпкер әйелдерді қаржыландыру кодексіне (WE Finance Code) қосылды, ал «KMF-Демеу» қорымен бірлесіп KMF Isker Hanymy бизнес-жүлдесін өткізуді жалғастырып келеді. Банк пен қордың қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламалары 2013 жылдан бері 187 мыңға жуық адамды қамтыды.

2025 жылдың наурызынан бастап Банк БҰҰ Жаһандық шартына қатысады және оның он қағидатын өзінің саясатында, корпоративтік басқару жүйесінде және жария есептілігінде қолданады.

«Біздің басты міндетіміз — қаржылық қызметтерді алу қиынға түсетін ауылдық өңірлерде, шағын қалаларда, кәсіпкер әйелдер және микробизнес үшін қаржылық қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету. SDG Champions марапаты қаржылық сауаттылықтан бастап цифрлық қолжетімділікке дейінгі біз таңдаған жолдың жұмыс істейтінін растайды. Біз 2028 жылға дейінгі Стратегия аясында Орнықты даму мақсаттарына жетуге үлес қосуды жалғастыра береміз. Жоғары бағалағаны үшін БҰҰ Жаһандық шартының Орталық Азиядағы желісіне алғысымызды білдіреміз», — деп атап өтті Стратегиялық даму және ESG басқармасының менеджері Оксана Бухтиярова.

Орнықты даму мақсаттары KMF Банктің 2028 жылға дейінгі Стратегиясының бағдары болып қала береді: Банк Қазақстан өңірлерінде қаржылық қолжетімділікті кеңейтуді, әйелдер кәсіпкерлігін қолдауды және клиенттер мен қоғамдастықтар үшін білім беру бағдарламаларын дамытуды жалғастырады. 

Артқа қайту