- KMF •
- Жаңалықтар •
-
KMF Банк «Ұлттық өнім» көрмесінің демеушісі болды
KMF Банк «Ұлттық өнім» көрмесінің демеушісі болды
Өткен аптада Астанада еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам тауар өндірушіні біріктірген «Ұлттық өнім» атты отандық өндірушілер көрмесі өтті. Іс-шараны дәстүрлі түрде «Даму» қоры ұйымдастырды. Биылғы көрме шара тарихындағы ең ауқымдысы болды.
Көрменің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Біздің Банк бұл көрмені жыл сайын қолдап келеді, биыл да бұл дәстүр жалғасын тапты. Іс-шараға арнайы заманауи технологиялар мен ұлттық мәдениет элементтерін үйлестірген цифрлық киіз үй форматындағы стенд әзірленді. Келушілер банк өнімдерімен танысып, түрлі белсенділіктерге қатысып, банктің маскоты – Тазымен және фотобудкада суретке түсіп, естелік сыйлықтарға ие болды.
KMF Банк стендіне клиенттер, бизнес өкілдері, депутаттар, блогерлер және көрме қонақтары келді. Банктің символы Тазы келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды.