- KMF •
- Жаңалықтар •
-
Қазақстандық фермерлер агробизнес табыстылығын қалай арттыра алады: Түркістанда агросекторды дамытудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды
Қазақстандық фермерлер агробизнес табыстылығын қалай арттыра алады: Түркістанда агросекторды дамытудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды
Түркістан қаласында KMF Банк пен KMF-Демеу корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Өзгермелі орта жағдайында агробизнесті өркендету және ауқымын кеңейту» тақырыбында IX Агрофорум өтті. Іс-шараға 800 адам қатысып, ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді, атап айтқанда, өнімділікті арттыру, шығындарды оңтайландыру, бизнестің табыстылығын көтеру, заманауи технологияларды енгізу және қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндіктерін талқылады.
«KMF Банк аграршыларға қаржылық шешімдер ұсынып қана қоймай, кәсіби диалог пен тәжірибе алмасуға арналған алаңдар да қалыптастырады. Соңғы бірнеше жылда еліміздің әртүрлі қалаларында өткен Агрофорумдарымыз екі мыңнан астам аграрлық сектор өкілінің басын қосты. Мұндай кездесулердің маңызды бөлігі – сала сарапшыларының қатысуы. Олар фермерлермен өзекті білімдерімен, тәжірибеге негізделген ұсыныстарымен және шаруашылық тиімділігін арттырып, бизнесті дамытуға көмектесетін нақты шешімдерімен бөліседі», - деп атап өтті KMF Банк Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.
Форум аясында ауыл шаруашылығы өнімдері мен агробизнеске арналған көрме де ұйымдастырылды. Көрме барысында қатысушылар жаңа әзірлемелермен танысып, әлеуетті серіктестермен байланыс орнату мүмкіндігіне ие болды.