IFC Қазақстандағы ауылдық кіші және шағын бизнесті және әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға қарыз береді.

16.09.2024
Дүниежүзілік Банк Тобына кіретін IFC ел экономикасын әртараптандыруды қолдау және жұмыс орындарын құру бойынша бастамалар аясында Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы - «KMF» компаниясына 50 миллион АҚШ доллары көлемінде (шамамен 19 миллиард теңге баламасында) қарыз береді.
Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 2019 жылғы 14 қазан. — Дүниежүзілік Банк Тобына кіретін IFC ел экономикасын әртараптандыруды қолдау және жұмыс орындарын құру бойынша бастамалар аясында Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы - «KMF» компаниясына 50 миллион АҚШ доллары көлемінде (шамамен 19 миллиард теңге баламасында) қарыз береді.

Қаржыландыру кіші және шағын бизнес субъектілеріне, соның ішінде кәсіпкер әйелдерге және ауылдық өңірлердегі клиенттерге кредит беру көлемін ұлғайтуда KMF-ке көмектеседі, бұл капиталдың жетіспеушілігі салдарынан кредиттерге қол жеткізу шектелген елде маңызды болып табылады.

«Қазіргі уақытта Қазақстандағы кіші және шағын бизнестің көптеген субъектілері қолжетімді қаржыны қажет етеді», - деді Шалқар Жүсіпов, KMF Басқармасының Төрағасы. «IFC-пен серіктестік қаржы ресурстарын ең көп қажет ететін салаға бағыттап, жағдайды өзгертуге көмектеседі және алда жұмыс орындарын құруға және кедейшілікпен күресуге атсалысатын болады».

Қарыз мұнайгаз секторы мен пайдалы қазбаларды өндіру аясынан тыс кіші және шағын бизнестің өсуіне жағдай жасау арқылы Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға атсалысу бойынша IFC жұмысының аясында берілді. Өндіруші салаға Қазақстанның ЖІӨ 30%, мемлекеттік кірістің жартысы және тікелей шетелдік инвестициялардың төрттен үш бөлігі келеді.

«Табиғи ресурстарға тәуелді экономика шикізат ресурстарына берілетін бағаның ауытқуларына осал болып келеді», - деді Кассандра Колберт, IFC-тің Орталық Азиядағы аймақтық менеджері. «Нақ сол себептен Қазақстан секілді елдерге өзінің экономикалық базасын кеңейткен маңызды және біз осы мақсатта пайдалана алатын сынақтан өткен және тексерілген тәсілдердің бірі – шағын бизнесті қолдау».

KMF-тің алатын қарызы IFC беретін 10 миллион доллардан және басқа кредиторлардан тартылған 40 миллион доллардан тұрады және ұлттық валютада беріледі. Бұл қаржыландыру IFC пен KMF арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың жалғасын тапқандығын куәландырады.

KMF-пен серіктестік елдегі жеке меншік сектордың дамуына жағдай жасау есебінен Қазақстандағы экономикалық өсімді қолдау және кедейшілікпен күресу бойынша IFC жұмысының бір бөлігі болып табылады.

IFC ТУРАЛЫ
Дүниежүзілік Банк Тобына кіретін Халықаралық Қаржы Корпорациясы дамушы нарықтардағы жекеменшік секторды қолдаумен айналысатын ең ірі жаһандық институт болып табылады. Біз дүние жүзі бойынша 2,000 астам жеке меншік кәсіпорындармен жұмыс істейміз және өз капиталымызды, сарапшылық білімімізді және ықпалымызды пайдалана отырып, жаңа нарықтар және қажет жерде мүмкіндіктер құрамыз. 2019 қаржы жылында біз дамушы елдерде 19 миллиард доллардан асатын сомаға ұзақ мерзімді қаржыландырып, сол арқылы тақыр кедейшілікті жоюға және жалпы әл-ауқатты арттыруға жекеменшік сектордың қуатты әлеуетін тартып отырмыз. Толығырақ ақпаратты www.ifc.org сайтынан аласыз.
Артқа қайту