- KMF •
- Жаңалықтар •
-
Fitch Ratings KMF Банк рейтингін «B+» деңгейінде «Тұрақты» болжаммен растады
Fitch Ratings KMF Банк рейтингін «B+» деңгейінде «Тұрақты» болжаммен растады
Fitch Ratings халықаралық агенттігі «KMF Банк» АҚ эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «B+» деңгейінде, сондай-ақ ұлттық рейтингін «BBB(kaz)» деңгейінде растады. Екі рейтинг бойынша болжам — «Тұрақты».
Fitch агенттігінің бағалауынша, бұл рейтингтер банктің трансформация кезеңінде бола тұра, өзінің бизнес-моделін сақтап отырғанын көрсетеді. Банк қызметі жеке тұлғаларға, микро-, шағын және орта бизнеске қызмет көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, капиталдандыру деңгейінің жеткілікті болуы және әртараптандырылған несие портфелі оң бағаланды. Банктің тікелей нарықтық тәуекелдерге ұшырау деңгейі төмен және халықаралық даму институттары мен импакт-инвесторлар тарапынан қаржыландыруға қол жеткізе алады. Ал банк лицензиясын алғаннан кейін ішкі нарықта депозиттер тарту мүмкіндігіне ие болды.
«KMF Банк» АҚ Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов:
«Fitch рейтингінің расталуы - KMF Банктің қаржылық тұрақтылығының және банк лицензиясын алғаннан кейінгі біздің бизнес-моделімізге деген сенімнің дәлелі. Біз клиенттерге бағдарлануды, тәуекелдерді жауапты басқаруды және қаржылық шешімдердің қолжетімділігін сақтай отырып, дамуды жалғастырамыз».