ЕҚҚДБ мен KMF әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыруға $35 млн бөледі

19.05.2023
Еуропа қайта құру және даму банкі KMF-ке 35 млн доллар бөледі, компания оны әйелдер кәсіпкерлігін микроқаржыландыруға және "жасыл" экономика саласындағы жобаларды іске асыруға бағыттайды.
Еуропа қайта құру және даму банкі KMF-ке 35 млн доллар бөледі, компания оны әйелдер кәсіпкерлігін микроқаржыландыруға және "жасыл" экономика саласындағы жобаларды іске асыруға бағыттайды. Тиісті келісімге Самарқанда өткен ЕҚҚДБ-ның жыл сайынғы жиналысында қол қойылды.

"Біздің негізгі жұмыс тобымыз әрқашан әйелдер болды. Бүгінде олар клиенттеріміздің 55%-ын құрайды. ЕҚҚДБ инвестициясы әйелдер бизнесін, әсіресе Қазақстан өңірлеріндегі кәсіпкерлікті қаржыландыруға бағытталатын болады. Бұл біздің клиенттерімізге өз ісін жаңғыртуға және кеңейтуге, айналым капиталын толықтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осы кредиттік желі аясында біз ESG-қағидаттарын енгізуді жалғастырамыз және өз бизнесі үшін энергияны үнемдейтін жабдықтар мен техниканы сатып алғысы келетін әйелдерге қолдау көрсетеміз", - деді KMF басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

KMF мамандарының айтуынша, әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландырумен қатар, компанияның даму векторы әйелдерді қаржылық және бизнес сауаттылыққа, әсіресе ауылдық жерлерде оқытуға бағытталған. Бұл тәсіл әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге және өңірлерде жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда KMF клиенттері құрған кәсіпорындарға 30 мыңға жуық адам жұмысқа орналасқан.

Анықтама: KMF - микроқаржы саласының флагманы. Компания нарықта 25 жылдан аса уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Компанияның кредит портфелі 200 млрд теңгеден асады. КMF стратегиясы кәсіпкерлікті дамытуға, цифрлық қызметтерді жетілдіріп, әр клиентке жеке қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы
Артқа қайту