• KMF
  • Новости
  • KMF-тің Түркістан филиалындағы Ашық есік күні

KMF-тің Түркістан филиалындағы Ашық есік күні

18.09.2015

2015 жылдың 3-15 қыркүйегі аралығында Түркістан қаласының орталық кеңсесі мен Кентау, Шәуілдір, Шаян және Созақ бөлімшелерінде дәстүрлі түрде, жыл сайынғы Ашық есік күні өткізілді. Шараға компания қызметін оңтайландыру мақсатында, компаниядан бұрыннан бері кредит алып жүрген, компанияның бейілді клиенттері шақырылды.

Ашық есік күндерінің алғашқы күні Созақ ауылында өткізілді. Орталық кеңсе мен өзге де бөлімшелердегі Ашық есік күндерінің алғашқы ашылу күнін филиал директоры Әбішев Нұрлан Орынбасарұлы құттықтау сөзімен ашты. Филиал директоры келген қонақтарды KMF-ке білдірген бейілділіктері мен тұрақты серіктестіктері үшін, сондай-ақ алған қаржыны мақсатты жұмсап, келіссөздерге жауапкершілікпен қарағандары үшін алғыстарын білдірді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша өзінің құттықтау сөзінен кейін шараның барлық қатысушыларына алғыс хаттар мен корпоративті сыйлықтар табыс етілді. Дәстүрлі құттықтау сөзден кейін бизнес-тренер Мырзахметов Дәулетияр келген қонақтарға компанияның соңғы статистикалық мәліметтері мен жетістіктері жайлы таныстырылым өткізді.

Одан кейін, қонақтар филиал мен бөлімше қызметкерлерінің қолданбалы өнер бойынша, дизайнерлік өнер және т.б. бойынша өткізетін түрлі шеберлік-кластарына шақырылды.

Осы секілді клиенттердің белсенділіктері олардың тынығып, Ашық есік күнінің негізгі бөлімі болып табылатын, клиенттердің компания қызметі мен қызметкерлер жұмысына қанағаттануы бойынша кері байланыс алу мақсатында өткізілетін ой-талқыға мейлінше дайын, әрі ашық болуына ықпал етеді. Шара соңында барлық клиенттерге «Қаржылық сауаттылық» жобасы бойынша бейнеролик көрсетіліп, аталмыш бағдарлама шеңберінде тегін сабақ өткізілді.

Келген клиенттер филиал қызметкерлері тарапына жылы лебіздері мен алғыс-тілектерін білдірді. Клиенттер өздерінің ескертулері мен тілектерін жеткізуге мүмкіндік алса, ал филиал қызметкерлері өз қызметтеріне оң баға алды.

Клиенттердің тілектері:

Амантаев Қылышбек: «Сіздерге осы Ашық есік күні секілді керемет шараға шақырғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ, KMF ұжымына да көрсеткен ізеттіліктеріңіз бен кәсібиліктеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.

Сіздер қашанда ашықсыздар және айқынсыздар. Сіздерге әрі қарайғы өркендеулеріңізді тілеймін!

Әбілова Анар: «Мен KMF-тен бұрыннан бері кредит аламын және сіздерге үйреніп қалдым. Менде бұрын өзге банктерден кредит алған болатынмын, бірақ KMF-тің қаржылық қызметтерін пайдалану көңілімнен шыққаннан кейін сіздердің тұрақты серіктестеріңізге айналып отырмын. Компанияға жаңа жетістіктер мен өркендеу, ал қызметкерлеріне денсаулық пен табыс тілеймін!»

Артқа қайту