Қарағанды филиалындағы Ашық есік күндері

16.09.2015

11.09.2015 жылы Қарағанды филиалында бейілді клиенттерге арналған Ашық есік күндері өткізілді.

Ашық есік күндері орталық филиалда және оның әр құрылымдық бөлімшелерінде филиал өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Компания және оның жетістіктері, сондай-ақ филиалдың белсенділігі туралы бейне таныстырылым көрсетілді. Одан кейін ой-талқылаулар өткізіліп, клиенттердің ұсыныс-тілектері жазылып алынды. Компания қызметкерлері клиенттерге «Бизнесті басқарудағы қаржылық сауаттылық» жобасы туралы ақпаратты әсерлі бейнероликтер арқылы жеткізді.

Әр бөлімшеде клиенттерге шыны ыдыстарды безендіру, майлықтан гүл жасау секілді көптеген қолданбалы өнер туындылары бойынша шеберлік кластары өткізілді. Шахтинск бөлімшесінде компания қызметкерінің 10 жасар ұлы Темірлан келген клиенттермен бірлесіп ермексаздан KMF логотипі бар композиция жасады.

Әр клиентке алғыс хаттар мен компанияның логотипі бар сыйлықтардың топтамасы үлестірілді.

Шараға жергілікті БАҚ өкілдері шақырылып, олар келген қонақтардан келелі сұқбаттар алып жатты. Шара барысында шақырылған қонақтардың жоғары белсенділігін атап өткен жөн. Олар филиал қызметкерлеріне көрсетілген қамқорлықтары үшін алғыстарын білдірді. Әр бөлімшеде келген қонақтарға дастарқан жайылды, ал әсем әуен мерекенің сәнін кіргізіп тұрды.

Артқа қайту