Ашық есік күндері

05.08.2015

28-31 шілде аралығында KMF-тің Алматы, Тараз филиалдарында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл облысы бөлімшелерінде Компанияның бейілді клиенттері үшін ұйымдастырылған ашық есік күндері болып өтті.

Компания қызметкерлері қонақтарды құшақ жая қарсы алды. Шараға көп жылдан бері өз бизнесін KMF-тің қолдауымен дамытып жүрген клиенттер қатысты.

«Ашық есік күндері» - дегеніміз қызмет көрсету сапасын арттыру және компанияның, филиал мен бөлімшенің жаңа жетістіктерімен бөлісу мақсатында клиенттер үшін өткізілетін маңызды шара болып табылады. Шара шеңберінде компания басшылары өздерінің басқарып отырған филиалдары мен бөлімшелерінің қол жеткізген жетістіктері мен негізгі көрсетіштеріне тоқталды. KMF клиенттері өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, компанияның әрі қарайғы қызметін оңтайландыру мақсатында ұсыныс-тілектерін білдірді. Әр филиал мен бөлімшеде «Пікірлер жәрмеңкесі» өткізіліп, нәтижесінде әр клиенттің пікірі мен ұсынысы қаралып, сәйкес келген жағдайда жұмыс барысына енгізілетін болады.

Компанияның жетекшілері мен басшылары клиенттер қойған сұрақтарға жауап беріп, компания қызметіне қосқан үлестеріне оң баға беріп, бейілділіктеріне алғыстарын білдірді. Себебі KMF өз қызметін өзара сенімділік пен ашықтыққа негіздеген болатын. Салтанатты түрде келген клиенттерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Биылғы жылы KMF-тің барлық бөлімшелері мен филиалдарында ашық есік күндері өтеді. Өз қызметіміздің барысында біз клиенттермен ұзақ мерзімді серіктестік қарым -қатынас орнату үшін зор ықпал етеміз. Біздің Компания Smart Campaign мен «KMF-Демеу» Корпоративтік Қорымен бірлескен клиенттерді қорғаудың 7 қағидатына сүйене отырып, тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп, аймақтардың қоғамдық өміріне белсенді қатысу клиенттерің қаржылық тұрғыдан сауатты болып, кредиттік өнімдері дұрыс және өз пайдасына пайдалана білуі, - біз үшін аса маңызды. KMF ашық есік күндерін әр түрлі форматта өткізіп тұрады және біздің осы тұрғыдағы бастамаларымыз біздің клиенттеріміз тарапынан оң бағаға ие болып отыр» , - деп атап өтті Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Осы секілді шараларға қатысуы арқылы KMF клиенттері «Бизнесті басқарудағы қаржылық сауаттылық» бағдарламасы туралы хабардар болды және жақын арада компанияның бейілді клиенттері аталмыш бағдарлама шеңберінде қаржылық сауаттылық бойынша тегін сабақтар алатын болады.

Ашық есік күндерінің аяқталуы шеңберінде филиал қызметкерлері «Дос» - «Достар» бағдарламаларына қатысу мәселелері бойынша қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге жеке кеңес берілді.

Артқа қайту