- KMF •
- Жаңалықтар •
-
Сізге алаяқтық жолмен несие рәсімделсе не істеу керек
Сізге алаяқтық жолмен несие рәсімделсе не істеу керек
Алаяқтық несиелер - қаржылық алаяқтықтың ең кең таралған түрлерінің бірі. Мұндай жағдайда ықтимал салдарды барынша азайту үшін қандай қадамдар жасау керегін білу маңызды.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Мінез-құлықтық қадағалау департаменті ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, осындай жағдайларда әрекет ету тәртібі егжей-тегжейлі баяндалған жадынаманы әзірледі. Құжатта алаяқтық фактісін тіркеуден бастап банктермен, кредиттік ұйымдармен және процестің өзге де қатысушыларымен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға дейінгі қадамдар қамтылған. Сондай-ақ құқықтарды қорғау мәселелеріне және оларды іске асырудың практикалық тетіктеріне ерекше назар аударылған.
Материалда жедел бағдар алуға және қажетті шараларды уақтылы қабылдауға көмектесетін тексерілген байланыс деректері мен ұсынымдар да жинақталған.