- KMF •
- Жаңалықтар •
-
Қазақстанда тағы екі банк пайда болуы мүмкін
Қазақстанда тағы екі банк пайда болуы мүмкін
БАҚ өкілдері таяуда Әбілқасымованың Қазақстанда жаңа банктердің пайда болуы мүмкіндігі туралы айтқанын еске салып, осыған байланысты мәліметтердің анық-қанығын сұрады
"Микроқаржы ұйымдарын екінші деңгейлі банктерге ауыстыру күтілуде. Бізде екінші деңгейлі банкке ауысуға ниет білдірген екі ірі микроқаржы ұйымы бар. Олар - KMF және Solva.kz. Олардың қомақты сомадағы портфелі бар. Капиталдың жеткілікті деңгейі олардың банкке айналуына мүмкіндік береді", - дейді тілшілер сұрағына жауап берген Мадина Әбілқасымова.