• KMF
  • Новости
  • Қызылорда филиалында өткізілген «Ізгілік шарасы»

Қызылорда филиалында өткізілген «Ізгілік шарасы»

21.07.2015

Айт әлемдегі барша мұсылмандардың қасиетті мерекесі болып табылады. Ол Бірлік пен ынтымақтың халықтың бір-біріне деген қамқорлығы мен ізгіліктің мерекесі болып табылады.

Осы қасиетті күндері адамдар мейлінше жақсылық жасауға тырысып, бір-біріне игі тілектер тілейді. "KMF" компаниясының Қызылорда филиалының қызметкерлері де осы нығыметке толы мерекеден қалыс қалмай «Ізгілік шарасын» өткізді. Шара шеңберінде Қызылорда қаласында орналасқан «Ұмай» емдік-тәрбиелік қайырымдылық үйіне барып, ол жердегі тәрбиеленуші балараға өз қамқорлықтарын танытып қайтты.

Веложаттықтырғыштар пен Швецияда жасалған емдік станоктарды және сый-сияпаттар мен тәтті-дәмділер салынған пакеттерді алған балалардың жанарындағы шаттық нұры айтып жеткізерсіз! Мекеме қызметкерлерінің де ризашылығы шексіз болды.

Ол жерде әлеуметтендіру мен ыңғайлау шаралары бойынша ем алатын дауна, аутизм шизофрения мен ақыл-ой кемістігінің түрлі деңгейімен ауыратын балалар ем-дом алады. Сондай-ақ, қимыл-тірек қозғалысы дамымаған, мүмкіндігі шектеулі балаларға да жағымды жағдай жасалған екен.

Біздің сыйлаған сыйлықтарымыз психоневрологиялық және тірек-қимыл аппаратының бұзылуы бойынша емделген балалардың дамуына көмегін тигізеді деген сенімдеміз.

Біздің ұжым болашақта да осы секілді шараларды дәстүрлі түрде өткізіп тұруды ұйғарып отыр. Біздің жасаған қайырымдылыққа толы қадамымыз біздің өскелең ұрпақтарымыздың мейірімді бола түсуіне ықпал еткей.

Артқа қайту