- KMF •
- Клиентке •
-
Қарыз алушының жауапкершілігі
Қарыз алушының жауапкершілігі
банк қарызы шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда
Қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда KMF Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында, банктік қызмет көрсету шартында және банктік қарыз шартында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
Атап айтқанда, Банк:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және банктік қарыз шартында көзделген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеуге;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және банктік қарыз шартында көзделген жағдайларда және тәртіппен қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшалай қаражатқа, оның ішінде төлем талабын қою арқылы даусыз тәртіппен өндіріп алуды қолдануға;
- банктік қарызды мерзімінен бұрын толық өтеуді талап етуге;
- берешекті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес және банктік қызмет көрсету шартында және банктік қарыз шартында көзделген тәртіппен коллекторлық агенттікке сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін беруге;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен банктік қарыз шарты бойынша талап ету құқығын үшінші тұлғаларға беруге;
- банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда соттан тыс немесе сот тәртібімен кепіл мәніне өндіріп алуды қолдануға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушыны (жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны) банкрот деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Банктік қарыз шартына қол қоймас бұрын оның талаптарымен, оның ішінде міндеттемелерді орындау тәртібімен және оларды орындамау салдарымен мұқият танысу қажет.