Нысаналы мақсаты
Айналым қаражатын және негізгі құралдарды толықтыру, қайта қаржыландыру
Сомасы
300 000 теңгеден 100 000 000 теңгеге дейін
Мерзімі
84 айға дейін
Комиссия
Комиссиясыз
Кредитті есептеу
Қаржыландыру шарттары
| Параметрлері | Шарттары |
|---|---|
| Қарыз валютасы | теңге |
| Жасы | 21-ден 75 жасқа дейін (қоса алғанда) |
| Мақсатты тобы | жеке кәсіпкерлер; заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, табысты бизнес жүргізіп және дамытып отырған жеке тұлғалар; фермерлік/үй іргесіндегі шаруашылықпен айналысатын жеке тұлғалар; заңды тұлғалар. |
| Мақсатты бағыты | айналымдағы қаражатты толықтыру; негізгі қаражатты толықтыру |
| Минималды сома | 300 000 теңге |
| Максималды сома | 100 000 000 теңге |
| Сыйақы мөлшерлемесі | 24,99%-дан 38,25%-ға дейін |
| ЖТСМ-нің максималды мөлшері | 46% |
| Қамтамасыз ету (кепіл) | 10 000 000 теңгеге дейін - талап етілмейді; 10 000 001 теңгеден бастап - талап етіледі |
| Несие мерзімі | 3-тен 84 айға дейін |
| Сақтандыру | жоқ |
| Комиссия | жоқ |
| Толық/ішінара мерзімінен бұрын өтеу | комиссиясыз; ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде кемінде 2 айлық төлем мөлшерінде болуы тиіс |
| Параметрлері | Шарттары |
|---|---|
| Қарыз валютасы | теңге |
| Жасы | 21-ден 75 жасқа дейін (қоса алғанда) |
| Мақсатты тобы | жеке кәсіпкерлер; заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, табысты бизнес жүргізіп және дамытып отырған жеке тұлғалар; фермерлік/үй іргесіндегі шаруашылықпен айналысатын жеке тұлғалар; заңды тұлғалар. |
| Мақсатты бағыты | айналымдағы қаражатты толықтыру; негізгі қаражатты толықтыру |
| Минималды сома | 300 000 теңге |
| Максималды сома | 100 000 000 теңге |
| Сыйақы мөлшерлемесі | 19,99%-дан 32,99%-ға дейін |
| ЖТСМ-нің максималды мөлшері | 35% |
| Қамтамасыз ету (кепіл) | 10 000 000 теңгеге дейін - талап етілмейді; 10 000 001 теңгеден бастап - талап етіледі |
| Несие мерзімі | 3-тен 84 айға дейін |
| Сақтандыру | жоқ |
| Комиссия | 1,5%-дан 4,5%-ға дейін |
| Толық/ішінара мерзімінен бұрын өтеу | комиссиясыз; ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде кемінде 2 айлық төлем мөлшерінде болуы тиіс |
Сұрақ-жауап
KMF Банк бизнесті қаржыландырудың әртүрлі бағдарламаларын ұсынады, соның ішінде:
- бизнесті дамытуға арналған кредиттер
- агробизнесті қаржыландыру
- айналым қаражаттарына арналған кредиттер
- топтық қаржыландыру
Талаптар таңдап алынған өнімге байланысты.
Сіз бізде 300 000-нан 100 000 000 теңгеге дейінгі сомаға кредиттер рәсімдей аласыз. Мерзімі 3 айдан 84 айға дейін
Сыйақы мөлшерлемесі – 19,99%-дан 38,25%-ға дейін (ЖТСМ – 35%-дан 46%-ға дейін). Шағын несиенің шарттарына байланысты.
Сіз біздің сайттағы несие калькуляторының көмегімен кредиттің болжамды сомасы мен мерзімін есептей аласыз
Сайтта парақшаның жоғарғы оң жақ бөлігіндегі «Кредитке өтінім» батырмасын басыңыз.
Кредит калькуляторы ашылады, онда сіз кредиттің болжамды шарттарын есептей аласыз
(назар аударыңыз: калькулятор кепілсіз кредит үшін сома бойынша шектеулерді есепке алмайды).
Есептегеннен кейін сіз QR коды бар парақшаға өтесіз – өтінімді толтыруға өту үшін оны телефонмен сканерлеңіз.
Әрі қарай:
- Телефон нөмірін, ЖСН және тұратын өңірді көрсетіңіз, негізгі шарттармен танысыңыз және «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
- Жаңа терезеде қалаған кредит сомасы мен мерзімін таңдаңыз – жүйе ай сайынғы төлем мен мөлшерлеменің бастапқы көлемін көрсетеді (есептеу оферта болып табылмайды).
- Дербес деректерді өңдеуге келісімді растаңыз – сізге SMS-код келеді, оны тиісті өріске енгізу қажет (кодты бөгде адамдарға айтпаңыз).
Растағаннан кейін өтінім беріледі және банк қызметкері сізге хабарласады.
Құжаттар тізбесі өнімге және клиенттің санатына байланысты.
Әдетте, мынадай құжаттар қажет:
- жеке куәлік;
- табысы немесе бизнес бойынша құжаттар;
- қамтамасыз ету бойынша құжаттар (қамтамасыз ету бар болған жағдайда);
- қажет болған жағдайда қосымша құжаттар.
Қарау мерзімі өнімге және ұсынылған құжаттардың толықтығына байланысты.
Кредиттік өтінімді қараудың стандартты мерзімі – 1 күннен 3 күнге дейін.
Өтінімнің мәртебесін:
- KMF Bank мобильді қосымшасында
- 7474 немесе Whats App +7 701 801 7474 нөмірі бойынша қолдау қызметі арқылы
- банк бөлімшесінде нақтылауға болады
Пайыздық мөлшерлеме мыналарға байланысты:
- кредит сомасы
- мерзімі
- өнім түрі
- қамтамасыз етудің болуы
- қарыз алушының қаржылық жағдайы
Номиналды мөлшерлеме кредит бойынша негізгі пайызды көрсетеді.
Тиімді мөлшерлеме (ЖТСМ) кредитті беруге байланысты барлық төлемдер мен комиссияларды ескере отырып, кредиттің толық құнын көрсетеді.
Жекелеген қызметтер бойынша банк тарифтеріне сәйкес комиссиялар көзделуі мүмкін. Ықтимал ақылы қызметтер туралы толық ақпарат жасалатын шартта көрсетіледі.
Кесте мыналарға негізделеді:
- кредит сомасы
- кредит мерзімі
Аннуитеттік төлем кезінде ай сайын бірдей сома төлейсіз.
Сараланған төлем кезінде негізгі борыш тең бөліктермен өтеледі, сондықтан төлем мөлшері уақыт өте азаяды.
Жас мөлшеріне қойылатын талаптар өнімге байланысты және өтінімді рәсімдеу кезінде көрсетіледі.
ЖК және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін - 21 жастан 75 жасқа дейін (қоса алғанда).
Талаптар қаржыландыру бағдарламасына байланысты. Мыналар ескеріледі:
- бизнесті жүргізу мерзімі
- қаржылық жағдайы
- тіркеудің болуы
- кредиттік тарих
Жеке кредит: негізгі кепіл — жылжымайтын мүлік. Басқа түрлермен үйлестіруге жол беріледі:
- автокөлік (соның ішінде арнайы техника);
- үшінші тұлғалардың кепілдігі.
Топтық кредит: топтық ортақ жауапкершілік (кепілдік) қамтамасыз ету болып табылады.
Ақпаратты:
- мобильді қосымшада
- 7474 немесе Whats App +7 701 801 7474 нөмірі бойынша қолдау қызметі арқылы
- банк бөлімшесінде қарауға болады
Кредитті:
- мобильді қосымша арқылы
- банктің кассалары мен терминалдары арқылы
- басқа төлем жүйелері арқылы төлеуге болады
Төлем жасау үшін KMF Банк мобильді қосымшасында «Жеке банк» бөлімін ашыңыз. Экранның жоғарғы жағында сіз ай сайынғы төлем сомасын және өтеу сомасын көресіз. Төлеу үшін осы блокты басыңыз.
Әдетте, ағымдағы шоттан өтеу тәсілі таңдалған. Егер сіз банк картасымен төлегіңіз келсе, жоғарғы оң жақ бұрыштағы көрсеткішті басыңыз және ашылған терезеде жаңа карта қосыңыз немесе сақталған картаны таңдаңыз.
Төлем сомасын енгізіңіз және «Төлеу» басыңыз. Содан кейін растау үшін терезе пайда болады — «Растау және төлеу» басыңыз.
Назар аударыңыз: банк картасынан төлеген кезде өтеу комиссиясы көрсетіледі.
Мобильді қосымшада ағымдағы шот арқылы өтеген кезде комиссия жоқ.
Төлемді мүмкіндігінше тезірек енгізіп, әрі қарайғы әрекеттерді нақтылау үшін банкке жүгіну ұсынылады.
Иә. Сіз шарт талаптарына сәйкес кредитті мерзімінен бұрын толық немесе ішінара төлей аласыз.
Жекелеген жағдайларда төлем күнін өзгертуге болады.
Шарттарды нақтылау үшін банкке жүгіну қажет.
Банкке дереу хабарласып, туындаған қиындықтар туралы хабарлау ұсынылады. Банк қызметкерлері берешекті реттеу нұсқаларын ұсына алады.
Иә. Негіздемелер болған жағдайда банк кредитті қайта құрылымдау мүмкіндігін қарастыруы мүмкін.
Құжаттар тізбесі клиенттің жағдайына байланысты. Банк қаржылық қиындықтарды растайтын құжаттарды сұрауы мүмкін.