BIZ.KMF.KZ-те қолжетімді

Шоттар және карталар
Шоттар және карталар

Бизнес шоттарын бір сервисте басқарыңыз

Шот көшірмелері
Шот көшірмелері

Шоттар бойынша үзінді көшірмелерді кез келген уақытта алыңыз

Анықтамалар
Анықтамалар

Банк анықтамаларына онлайн тапсырыс беріңіз

Төлем аударымдары
Төлем аударымдары

Бизнес үшін төлемдер мен аударымдарды жылдам жүзеге асырыңыз

Депозит ашу
Депозит ашу

Бос қаражатты тиімді шарттармен орналастырыңыз

Несие
Несие

Кәсібіңізді дамытуға арналған несиеге өтінім қалдырыңыз

1С жүйесінен төлемдерді импорттау
1С жүйесінен төлемдерді импорттау

1С жүйесінде деректерді қайта енгізбей, бірнеше рет басу арқылы төлемдерді жүктеңіз

Операциялардың қауіпсіздігі
Операциялардың қауіпсіздігі

Дербес деректерді қорғау заңнамаға сәйкес қамтамасыз етіледі

BIZ.KMF.KZ қалай қосылады?

1

Форманы толтырыңыз

және біз сізге хабарласамыз

2

Кеңес алыңыз

Менеджерлеріміз сұрақтарыңызға жауап беріп, бизнесіңіз үшін ең тиімді шешімді таңдауға көмектеседі

3

BIZ.KMF.KZ-ті қосыңыз

Құжаттарды рәсімдеп, интернет-банкингке қол жеткізіңіз

Қосылу шарттары

Есеп айырысу шоты
KMF Банкте ашық ағымдағы шот болуы қажет.  
Шот ашуға қажетті құжаттар тізімі.
Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)  
Компания басшысы немесе уәкілетті тұлға бірінші қол қою құқығына ие болып, Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығы (ҚР ҰКО) берген қолданыстағы ЭЦҚ-ға ие болуы тиіс
Қосылуға өтініш
Интернет-банкинг жүйесіне тұтынушыны қосу туралы өтінішке Банк бөлімшесі арқылы қол қою қажет
Қызмет көрсету шарттары 
Бір пайдаланушыны қосу (аутентификация құралдары мен ЭЦҚ ұсыну арқылы) – 0 теңге.
Жүйені пайдалана отырып, электрондық клиенттердің шоттарын жүргізу үшін ай сайынғы абоненттік төлем (шоттарды жүргізудің стандартты комиссиясына қосымша алынады) – 0 теңге.

BIZ.KMF.KZ-ті қосу

Өтінім қалдырыңыз - сізге жұмыс күндері 9:00-18:00 аралығында хабарласады

Міндетті өрісті толтырыңыз
Міндетті өрісті толтырыңыз
Міндетті өрісті толтырыңыз
Міндетті өрісті толтырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

BIZ.KMF.KZ деген не?

BIZ.KMF.KZ – бұл заңды тұлғаларға арналған қашықтан банктік қызмет көрсету сервисі. Ол компанияның шоттарын басқаруға, төлемдер жасауға және банктік қызметтерді онлайн пайдалануға мүмкіндік береді

BIZ.KMF.KZ қандай артықшылықтары бар?

Интернет-банкингтің көмегімен сіз: 

  • бизнес шоттарын бір сервисте басқара аласыз; 
  • төлемдер мен аударымдарды жүргізе аласыз; 
  • кез келген уақытта үзінді көшірмелер мен анықтамалар ала аласыз; 
  • депозиттер ашып, бос қаражатты тиімді шарттармен орналастыра аласыз; 
  • бизнесіңізді дамыту үшін кредитке өтінім қалдыра аласыз; 
  • 1С-тен төлем құжаттарын жүктей аласыз.
BIZ.KMF.KZ қосу және қызмет көрсету қанша тұрады?

BIZ.KMF.KZ қосу және қызмет көрсету – тегін (0 ₸)

BIZ.KMF.KZ қалай қосуға болады?

Қосылу үшін:

  • KMF Банкте қолданыстағы ағымдағы шот болуы қажет;
  • Банк бөлімшесінде қосылуға өтінім беру керек немесе сайтта өтінім қалдыру қажет;
  • Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану қажет.
Қосылу қанша уақытты алады?

Өтінім бергеннен кейін қосылу шамамен 2 сағат уақыт алады

ЭЦҚ деген не және оны қайдан алуға болады?

BIZ.KMF.KZ-те жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҚР ҰКО) берген электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

ЭЦҚ-ны ҚР ҰКО порталында онлайн немесе халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады.

BIZ.KMF.KZ-ке қалай кіреді?

Қосылғаннан кейін логинді және құпиясөзді пайдаланып, BIZ.KMF.KZ-ке кіріңіз. Кіру деректері қосылу кезінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі. Операцияны растау үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) пайдаланылады.

Сенімді телефон нөмірін қалай қосуға немесе өзгертуге болады?

Сенімді нөмірді қосу немесе өзгерту үшін жақын жердегі Банк бөлімшесіне жүгініңіз

Төлемнен бас тарту, шотты бұғаттау қажет болса немесе Интернет-банкингпен жұмыс істеу кезінде басқа да мәселелер туындаса, не істеу керек?

Егер сізде сұрақтар немесе техникалық қиындықтар туындаса, сіз кез келген ыңғайлы тәсілмен қолдау қызметіне жүгіне аласыз:

  • 7474 телефон нөмірі бойынша
BIZ.KMF.KZ қолдану қаншалықты қауіпсіз?

BIZ.KMF.KZ деректер мен операцияларды қорғаудың заманауи тетіктерін пайдаланады. Тек авторизацияланған пайдаланушылар ғана жүйеге кіре алады, ал операцияларды растау электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану арқылы орындалады